You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 7 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдерінің заңдылығына, әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге қатысты болды.

А.Дауылбаев Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына  өтініш берушілердің айғақтарын істерді алдыра отырып және арызданушылардың қатысуымен толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылық анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бас Прокурордың осыған дейінгі қабылдауының нәтижесінде прокуратураның қосымша сот-қолтаңбалық сараптамасын тағайындау жолымен А.Әмірбековтің мүддесіне қатысты А.Дынкиннің өтініші қанағаттандырылды. Бұл өтініш тұрғын үйді сыйға тарту туралы келісім-шартты қолдан жасау үшін қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөніндегі қаулымен келіспеу және кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы болған еді. Бас прокуратура қылмыстық іс қозғаудан бас тарту жөніндегі шешімнің күшін жойып, қылмыстық іс қозғады және ол іс Астана қ. ІІД-ге тергеу жүргізу үшін жолданды.

Сондай-ақ Бас Прокурор сотталған Б.Смағұловтың қорғаушысы Ж.Айтмағанбетованың қылмыстық іс бойынша сот актілеріне шағымдану туралы өтінішін ішінара қанағаттандырды. Прокуратура сотталған Б.Смағұловтың әрекетін ауырлығы шағын қылмысқа қайта саралау туралы наразылық енгізді, ол кассациялық сатыдағы соттың қарауында жатыр.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.