You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 2 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдерінің заңдылығына байланысты болды.

А.Дауылбаев Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына  өтініш берушілердің айғақтарын толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықты анықтаған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

Бас Прокурордың осыған дейінгі қабылдауының нәтижесінде С.Сейтқазиеваның ұлы С.Сейтқазиевтің ісі бойынша сот актілерінің күшін жою туралы қадағалау наразылығын енгізу туралы ұсынымы қанағаттандырылды. Бас Прокурордың наразылығы Жоғарғы Сотта қаралуда. Сондай-ақ осы арызданушының өтініші бойынша оның ұлына дене жарақатын келтірген А. және Ә.-ге қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылды. Қазіргі уақытта іс Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қ. ІІБ өндірісінде жатыр.

 Сондай-ақ Бас Прокурор азаматтық-құқықтық даудың себебі болған үйдің сатылып кетуіне әкеліп соқтырған жалған келісім-шарт жасауға кінәлі адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы А.Қуанышеваның өтінішін қанағаттандырды.  

 Бас прокуратураның бастамасы бойынша жеке нотариус К.Есовке Қылмыстық кодекстің 229-бабының 1-тармағы (жекеше нотариустың өз өкілеттігін теріс пайдалануы) бойынша  кінә тағылып, іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 сотына жолданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.