You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдау жүргізгені туралы ақпарат (Астана қ., 2014 жылғы 14 мамыр)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау жүргізді. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысы саласындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне шағымданумен байланысты болды.

А.Дауылбаев Бас прокуратураның тиісті құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына  өтініш берушілердің айғақтарын толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықты анықтаған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды талап ете отырып, тапсырмалар берді.

Бас Прокурордың осыған дейінгі қабылдауынан келіп түскен «Елім-Ай» тұрғын үй кешенінің өкілі Ч.Валиевтің өтінішін қарау нәтижесі бойынша Бас прокуратура алаяқтық жасаған тұлғаларға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы мерзімінен бұрын шығарылған қаулыны бұзды. Алматы қаласының прокурорына тиісті түрде қосымша тергеуді ұйымдастыру туралы тапсырма жіберілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.