07 қазан 2015
Версия для печати
PDF


Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне шағымданумен, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелермен байланысты болды.
А.Дауылбаев арызданушылардың дәйектерін тыңдаған соң өтініш берушілердің айғақтарын жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықты анықтаған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.
Бас прокуратураның баспасөз ақпараты
Теги:
Пікірлер
Жаңа пікірді жазу