You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағаны туралы ақпарат (Астана қ., 2015 жылғы 14 қаңтар)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері негізінен қылмыстықжәне әкімшілік істер бойынша сот актілеріне, қылмыстық іс жүргізудің сотқа дейінгі сатысындағы уәкілетті органдардың шешімдеріне, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саладағы шағымдарға қатысты болды.

Бас Прокурор келген азаматтарды тыңдаған соң шағымдарды мұқият зерделеп, заң бұзушылық анықталған жағдайда бұзылған құқықтарды қалпына келтіру және кінәлі тұлғаларды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды тапсырды.

Бас Прокурордың осыған дейінгі қабылдауында болған арызданушылардың дәйектерін тексеру үшін Бас прокуратура қылмыстық қудалау органдары қаулыларының күшін жойып, сотқа дейінгі тергеу қозғады.

В.Айткожинаның өтінішін қарау нәтижесі бойынша өзінше билік ету фактісі бойынша қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы қаулының күші жойылды, іс жүргізушілік шешім қабылдана отырып сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Алматы қаласының прокурорына тергеуге дейінгі тексеріс жүргізу кезінде заңдылықтың бұзылуына жол берген, сондай-ақ тиісті қадағалауды қамтамасыз етпеген кінәлі тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырма берілді.

К.Әміреновтің шағымы бойынша денеге зақым келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы Ақмола облысының Бұланды аудандық ІІБ шешімінің күші жойылды, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Арызданушы Ж.Бәйменовтің дәйектерін зерделеу нәтижесімен Алматы гарнизоны бойынша ҰҚК Әскери полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін қылмыстық іс ІІМ Тергеу комитетінің Әскери –тергеу басқармасына жолданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.