You are here

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағаны туралы ақпарат (Астана, 2014 жылғы 10 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арыз берушілердің өтініштері қылмыстық және әкімшілік істер бойынша сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы заң бұзушылықтарға қатысты болды.

А.Дауылбаев өтініш берушілердің айғақтарын толық және жан-жақты тексеруді қамтамасыз етуді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актісін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру жөнінен шаралар қолдануды тапсырды.

Осыған дейін болған азаматтарды қабылдауының нәтижесінде Бас Прокурор «КМНПЗ» ЖШС директоры Б.Искаковтың кәсіпорынды әкімшілік жауапкершілікке тарту турасындағы сот актілерінің күшін жою туралы наразылық енгізу жөніндегі ұсынысын қанағаттандырды. Қазіргі уақытта Жоғарғы Сотқа енгізілген тиісті қадағалау наразылығы қаралу үстінде.     

Бас Прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.