Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағаны туралы ақпарат

02 наурыз 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Жеті арызданушының екеуі бейнеконференциялық байланыс арқылы қабылданды. Арыз берушілердің өтініштері азаматтық және қылмыстық істер бойынша сот актілерінің және қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысының заңдылығы мәселелеріне қатысты болды.

Бас Прокурор арызданушылардың шағымдарын тыңдаған соң келтірілген дәйектерді олардың өздерін қатыстыра отырып жан-жақты тексеруді, заң бұзушылықтар анықталған жағдайда прокурорлық қадағалау актілерін енгізуді және бұзылған құқықтарды қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауды тапсырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу