Бас прокурордың Англия мен Уэльстің экс-Жоғарғы судьясымен кездесуі туралы (Астана қаласы, 2016 жылғы 2 қыркүйек)

02 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асановтың Англия мен Уэльстің экс-Жоғарғы судьясы Лорд Вульф Кеннет мырзамен кездесуі өтті. 

Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастық, соның ішінде жетекші халықаралық заңгерлермен өзара әрекеттестік және сот өндірісі мен арбитраждық қызметтің реформалануы аясында серіктес өзара қатынастың даму мәселелерін талқылады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының сотын және Ағылшын құқығы негізіндегі Халықаралық арбитраждық орталықты құруда Вульф мырзаның қатысу мүмкіндігі, сонымен қатар Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында сот төрелігін жүзеге асыруда тәжірибелі ағылшын судьялары мен арбитрларын жұмысқа тарту жөнінде тараптар өзара пікір алмасты.

Тараптар екіжақты қатынастың болашағын жоғары бағалап, құқықтық салада өзара әрекеттестікті нығайтуға ниет білдірді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу