You are here

Бас Прокурордың Ақтөбе облысы кәсіпкерлерімен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Ақтөбе қ., 2016 жылғы 29 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысына жұмыс сапары шеңберінде Бас Прокурор Жақып Асанов аймақтың кәсіпкерлерімен кездесті.

Ел экономикасының базалық құрамдастарының бірі болып табылатын кәсіпкерлікті дамытудың ерекше рөлін атап өткен Бас Прокурор бизнесті қорғау мақсатында прокуратура қабылдап жатқан шаралар туралы айтты. Бас прокуратураның, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» партиясының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес республикалық қоғамдық кеңесінің бірлескен «Бизнесті прокурорлық қорғау» атты жобасының негізгі бағыттарын атап өтті.

Үш ай бұрын Бас прокуратура «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп форум өткізген болатын, онда бизнес үшін әкімшілік кедергілерді төмендету жолдары талқыланған, экономикалық қылмыстарға әрекет етудің айқын алгоритмі әзірленген.

Қазірдің өзінде оң өзгерістер бар. Бұдан бұрын кәсіпкерлерді қылмыстық процесс орбитасына негізсіз тарту мәселелері шешімін таппаған болатын. Енді бизнес субъектілерінің қатысуымен болатын қылмыстық құқық бұзушылықтарды негізсіз тіркеу бір жарым есеге төмендеген. Бұл құқық бұзушылықтар туралы хабарларды Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеу кезінде заң бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік берді. Үш ай ішінде осы сала өкілдері заңсыз тартылған мыңнан астам іс сотқа дейін тоқтатылды.

Жоғарғы Сотпен жалған кәсіпкерлікті тергеп-тексеру практикасы түзетілді, онда салықтар тек кінәсі дәлелденген адамдарға ғана толық есептелетін болады.

Жобаның алғашқы нәтижелерін атап өтіп, Бас Прокурор одан әрі жұмысты талап ететін басым бағыттар – бақылаушы органдардың қысым көрсетуі, қылмыстық процесте кәсіпкерлерді қорғау, азаматтық даулар мен әкімшілік істер, бизнесті жаппай дамыту мәселелеріне тоқталды.

Іске асырылатын жоба бюрократтардың бизнес-бастамаларды тежемеуіне жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.

Кездесуде Ж.Асанов қылмыстық процестегі жекелеген проблемалық мәселелермен бөлісті. Оның пікірінше, дәл осы жерде бизнеске қатты қысым көрсетіледі. Мысалы, хабар СДТБТ-де тіркелгеннен кейін, тіпті қылмыс белгілері жоқ болса да, тергеу әрекеттері кешені басталады. Материалдарды аудит, ревизия және басқа да есептер жүргізу үшін уәкілетті органға жіберу туралы ҚПК-де көзделген тәртіп барлық жерде бұзылады. Сондай-ақ жалған кәсіпкерлік және хабарларды алаяқтық бойынша тіркеу проблемалары одан әрі шешуді қажет етеді.

Бизнес өкілдерінің қатысуымен азаматтық даулар мен әкімшілік істерді қысқарту үшін жоба шеңберінде бизнесмендер арасындағы дауларды шешудің соттан тыс тетігін құру, сондай-ақ әкімшілік айыппұлдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

Жақып Асанов ауыл әкімдерінің жұмысын ауылдағы ауқатты отбасылардың санына қарап жаңаша бағалауды ұсынды. Оның пікірінше, ауылдық округтерде бизнесті жаппай дамыту жергілікті әкімдер жұмысындағы басымдықтардың бірі болуы тиіс.

Астанадан келген қаржыгерлер бір ай бойы бизнес ортаны дамытуға нақты көмек көрсетеді. Ауыл әкімдерін оқытып, оларды бизнес-идеялар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кез келген азамат әкімге келіп, бизнесін ұйымдастыру үшін барлық қажетті ақпарат алатындай тәртіп орнатылатын болады.

Қадағалау ведомствосының басшысы сондай-ақ бизнесті дамытудың ТМД-да теңдесі жоқ ақпараттық мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

Тек жоғары тәуекел тобындағыларды ғана тексеруге мүмкіндік беретін, енгізілген тәуекелдерді бағалау жүйесі жыл соңына дейін «Тексерудің бірыңғай тізілімі» (СОТБТ) жаңа сервисімен біріктірілетін болады. Бұзушылықтар туралы барлық ақпарат Тексеру картасында орналасады. Онлайн режимінде электрондық тіркеу тексерудің ашықтығын қамтамасыз етеді. Ол жерден, сондай-ақ service.pravstat.kz сайтынан, Call-орталық 115-тен немесе мобильді топтардың телефондарынан кәсіпкер жүргізілетін тексерістің заңдылығы туралы біле алады.

Ж.Асанов бизнесмендерді түзеу мекемелерінде өндірістер ашуға шақырды, оның үстіне, ол жерде өндіріс алаңдары жалдау төлемінсіз беріледі. Бас прокуратураның «Колониялардағы жұмыспен қамту – 2017» жобасы шеңберінде тарихта алғаш рет 30 сотталушы өзінің шағын бизнесін ашты.

Сондай-ақ, Ж. Асановтың пікірінше, бизнес-қоғамдастықтар құқықтық базаны жақсартуға белсендірек қатысуы керек. Басқа шаралармен қатар, тұрақты негізде арнайы алаңда заңнаманы бірлесіп мониторингілеу жүргізілетін болады. Ол үшін ведомстволық сайтта «Заңдарды бірге жақсартайық» парақшасы ашылды, ол бизнес саласындағы проблемалық мәселелерді анықтауға және жоюға мүмкіндік береді. «Бизнес пен биліктің бірлескен және конструктивті ынтымақтастығы ғана нақты нәтижелерге әкеледі», - деп  қорытындылады Бас Прокурор.

Кездесу барысында аймақ кәсіпкерлерімен бизнесті қорғауды жүйелі түрде жетілдіру бойынша ашық пікір алмасу болды.

Кездесуден кейін Бас Прокурор жергілікті құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуынсыз кәсіпкерлерді өз өтініштері бойынша жеке қабылдады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.