You are here

Бас Прокурордың Ақтөбе қаласында үздік оқушылармен және студенттермен кездесуі туралы баспасөз ақпараты (Ақтөбе қаласы, 2016 жылғы 30 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында Бас Прокурор Жақып Асанов үздік оқушылармен және студент жастармен кездесті. Кездесуге сондай-ақ облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

Жас ұрпақтың алдында сөз сөйлеген Бас Прокурор жастар мәселесі мемлекеттік саясаттың маңызды бір бөлігі болып отырғанын атап өтті.

Ж.Асанов тәуелсіз еліміздің одан әрі дамуы жолындағы жастардың маңызды орын алатынын атап көрсетті. Сондай-ақ білікті маман болып қалыптасу үшін терең білім алу, мақсат қою және оған жету үшін аянбай еңбек ету қажеттігін айтты.

Өз пікірімен және тәжірибесімен бөліскен Бас Прокурор арманға жету үшін әрбір адам өзін-өзі дамытуы, белсенді болуы және алға ұмтылуы керек екенін алға тартты. Өз жұмысына беріліп, ерінбей оқып, тер төккен адам ғана бір саланың маманы, шебері болып шығады. Сондай мамандарға міндетті түрде сұраныс та болады, олардың жағдайы да жақсара түседі, - деді ол.

Сондай-ақ Бас Прокурор әлемде және елімізде орын алып отырған экстремизм мен терроризм қаупіне жастардың ерекше назарын аударды.

Терроризм қаупі болған жерде елден береке қашып, маза кетеді. Қоғам қорқынышта өмір сүреді. Террористерге де керегі сол – халықты қорқыту, үркіту, қоғамда үрей туғызу. Мұндай теріс идеологиямен күресу – құқық қорғау органдарының тікелей міндеті екенін атап көрсеткен Бас Прокурор құқық қорғау органдарының қажетті шараларды қабылдап отырғанын жеткізді. Бірақ, бұл қауіпті жою үшін бүкіл қоғам болып жұмылу қажеттігін ескертті.

Ж.Асанов жастарға ересек өмірге дайындалуды, болашақты ойлап, жаман нәрседен алыс жүруді ұсынды. Экстремистердің көр жағдайда әлсіз, санасы қалыптаспаған, көнгіш, сенгіш жастарды өздеріне тартатынын ескертті. Ақша беріп, сеніміне кіріп жатқан жағдайлар аз емес. Оның арғы жағы белгілі - саналарын әбден улап, қолдарына қару ұстатып, қылмысқа итермелейді. Сондықтан да келешегін ойлаған жастар бойларын экстремизм және терроризмнен аулақ ұстауы қажет, - деді ол.

Ашық  пікір алмасу жағдайында өткен кездесу барысында Бас Прокурор оқушылар мен студенттердің өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.