You are here

Бас Прокурор жұмыс сапарымен ҚХР-ға барды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокурор Жақып Асановтың басшылығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы 2017 жылдың 30-31 наурызында Қытай Халық Республикасына іссапармен  барды.

ҚХР Жоғарғы Халық Прокуроры, Әділет Министрі және Жоғарғы халық сотының Төрағасымен кездесулер өтті.

Сондай-ақ қазақстандық тараптан Қазақстанның ҚХР-дағы Төтенше жағдайлар және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев, Шанхай қарым-қатынас ұйымы хатшылығының тұрақты өкілі Ерік Әшімов, Арнайы есеп және құқықтық статистика комитетінің төрағасы Бағдат Мусин және Қазақстанның Бас прокуратурасының басқа да жауапты өкілдері болды.

Кездесу барысында тараптарекі ел арасындағы мемлекеттік органдардың жоғары деңгейдегі ынтымақтастығымен қалыптасқан достық қарым-қатынасын  атап өтті.

ҚХР Жоғарғы халық прокуроры Цао Цзянминмен терроризмге қарсы күрес, сыбайлас жемқорлық, ұлтаралық ұйымдасқан қылмыс, ұрланған активтердің шет елдерден қайтарылуы туралы келісімге қол жеткізілді.

Кездесу барысында делегация ҚХР Жоғарғы халық сотының сот істері мен ақпараттық басқару орталығы және Пекин қаласының прокуратурасында болды. Екі ел арасында электронды қылмыстық процесті енгізу, сондай-ақ оны жетілдіру және оңтайландыру мәселесі бойынша шешім қабылданды.

ҚХР Әділет Министрі Чжан Цзюнмен бірге заң саласындағы мемлекеттік қызметтерді ұсынудың ашықтығы және қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру мәселелері қаралды.

Кездесуде Бас прокурор Жақып Асанов ҚХР-да сотталып, айыбын өтеп жатқан 9 қазақстандық азамат туралы сөз қозғады. Олардың Қазақстанға ауысқысы келетінін, бірақ олардыңҚХР-да салынған айыппұлды төлеуге мүмкіндіктері жоқ екендігін айтты.

ҚХР Әділет министрі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейін ескере отырып, осы мәселе бойынша Қазақстанның өтінішін мұқият қарастырып, көмек көрсететініне сендірді. 

ҚХР-дың Жоғарғы халық сотының төрағасы Чжоу Цянмен кездесу барысында екі елдің соты мен құқық қорғау органдарының бірыңғай ақпараттық жүйесін құру мәселесі талқыланды.

Сапар барысында, бұдан бөлек, Жақып Асанов Пекин қаласындағы Абай Құнанбаевтың ескерткішіне гүл қойып,  Қытайда білім алып жатқан қазақстандық студенттермен екі сағатқа созылған кездесу өткізді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.