You are here

Бас Прокурор Ж. Асановтың Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде өткізген қонақ дәрісі туралы БАҚ үшін мәлімет (Астана қ., 2016 жылғы 5 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

ҚР Бас Прокуроры Ж. Асанов Астанада Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің студенттерімен кездесті. Бас Прокурор еліміздің 25 жылдағы жетістіктері, тәуелсіздіктің құндылығы, оны бағалау төңірегінде әңгіме қозғады. Жалынды жастарды отансүйгүштік пен еңбекқорлыққа жақын болуға, теріс идеологиядан алыс жүруге шақырды.

Ж. Асанов мақсатшыл жастарды жұмысқа тарту мәселесіне де аса мән беретінін жеткізді. «Бәріңе айтатыным – ешқандай таныстың қажеті жоқ, келіңдер де, конкурстан өтіңдер. Егер нәтиже жоғары болса жұмысқа қабылдаймыз» деп түйіндеді ол өз сөзін.     

Естеріңізге сала кетсек, шілде айында Астанадағы Назарбаев Университетінде еліміздің Бас Прокуроры «Прокуратураға – үздік мамандар» жобасын таныстырған болатын. Араға 1 жарым ай салып, тамыз айының ортасында республика бойынша  прокуратура саласына жаңа қызметкерлер қабылдау конкурсы өтті.

 Еліміз бойынша 1350 адам қатысты. Оның тек 69-ы ғана іріктеуден өтті. Бұл азаматтар жақын арада жұмысқа қабылданатын болады. Конкурс барысында үміткерлерге талап қатаң болды. Білімі мен ой-өрісін тексеру үшін беймәлім тақырыпқа эссе жазуға аса мән берілді. Шығармаларды Назарбаев Университетінен келген сарапшылар тексеріп, бағасын берді.

Конкурстан өткен 5 үміткер осы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің түлектері (Кусиев, Өмірсеріков, Толыбекова, Салимова и Бейсенова). Сондықтан Бас Прокурор білімі жоғары азаматтардың жұмысқа қабылдануға мүмкіндігі мол екенін жеткізді.

Жиын соңында Ж. Асанов жастардың жігерін жанып, рухын ояту мақсатында өміріндегі қиындықтарды қалай жеңгені туралы өз тәжірибесімен бөлісті. Еліміздің одан әрі дамуы жолында жастардың маңызды орын алатынын атап көрсеткен ол, аянбай еңбек етуге талпынған адамға әрдайым сұраныс болатынын айтты. 

ҚР Бас Прокуратурасының Баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.