Бас Прокурор Ұлыбритания Әділет министрлігінің Тұрақты Хатшысымен кездесті

24 сәуiр 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Ұлыбритания Әділет министрлігінің Тұрақты Хатшысымен кездесті - 1428118209

Астана қаласы, 2018 жылғы 24 сәуір. Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Ұлыбритания Құрама Корольдігі және Солтүстік Ирландия Әділет министрлігінің Тұрақты Хатшысы Ричард Хитонмен кездесті.

Шетелдік мейман қадағалаушы органның халықаралық қатынастар саласындағы қызметі мен атқаратын функциясы, сондай-ақ Қазақстанда жүргізіліп жатқан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамадағы реформалар туралы хабардар етілді.

Тараптар құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту, қылмыспен күрес барысында өзара күш біріктіру қажеттілігін және сотталғандарды беру және тапсыру туралы келісім жасаудың мүмкіндігін де талқылады.

Қ.Қожамжаров Р.Хитонға Ұлыбританияның Қылмыстылықпен күрес жөніндегі ұлттық агенттігінің кеңсесін Астана қаласында ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

«Терроризммен және киберқылмыстылықпен күресте, активтер мен заңсыз жолмен алынған қаражатты қайтаруда сіздердің тәжірибелеріңізді зерттеу біз үшін өте маңызды», - деді Қ.Қожамжаров.

Бас Прокурор кездесу соңында британ әріптестеріне келгендері үшін алғыс білдіріп, Қазақстан прокуратурасы құқықтық саладағы конструктивті ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу