You are here

Бас Прокурор Тұңғыш Президент күнімен ұжымды құттықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Тұңғыш Президент  күнімен ұжымды құттықтады - 1691634744

30 қараша 2017 жыл, Астана. Бас прокуратурада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шара өтті.

Бас Прокурор Жақып Асанов алғы сөзінде еліміздің тәуелсіз әрі заманауи мемлекет болып қалыптасуындағы Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша ролін атап өтті.

«Қазақстан - 2050» стратегиясы Елбасымыздың ұзақ мерзімді мақсаты мен еліміздің барлық салада осы заманғы жан-жақты дамуына іргетасын қалайтын құжат ретінде көрсетілгені аталды.

Және бұл дерек әрбір қазақстандықтың жанына жақын әрі түсінікті «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында да бекітілген. Оның негізінде мемлекетіміз бен барлығымыздың жетістігіміздің қалыптасуына ықпал етеді.

Биылдан бастап «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы да саяси және экономикалық процестерді қайта құрудың алғышарттарын толықтырады.  

Қазақстан жергілікті өңірде ғана емес, сондай-ақ халықаралық деңгейде де жоғары беделге ие. Мұның мысалы ретінде Астанадағы Сирияға қатысты келіссөздер жүргізу бастамасы, халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуі, - деді Ж. Асанов өз баяндамасында. 

«Президентімізге әрбір қазақстандыққа қамқорлығы үшін алғысымызды білдіреміз. Сол мезетте Елбасының қамқорлығы мен ықыласы біздің барлығымызға үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан прокуратура Мемлекеттік басшысының заңдылықты қамтамасыз етудегі тірегі болып қала береді», - деді Ж. Асанов.

Мерекелік шараны қорытындылай келе Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті жөнінде деректі фильм көрсетілді.

 

ҚР Бас прокураутрасының баспасөз қызметі
+7 7172 712677
+7 7172 712819
press@prokuror.kz

 

 

Бас Прокурор Тұңғыш Президент  күнімен ұжымды құттықтады - 819030984
Бас Прокурор Тұңғыш Президент  күнімен ұжымды құттықтады - 610264963

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.