Бас Прокурор ТМД-ға қатысушы мемлекеттер бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің 26-шы отырысына қатысты (Минск қаласы, 2016 жылғы 7 қыркүйек)

07 қыркүйек 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстанның Бас Прокуроры Жақып Асанов ТМД-ға қатысушы мемлекеттер бас прокурорлары Үйлестіру Кеңесінің Минск қаласында өткен 26-шы отырысына қатысты.

Отырысқа ТМД елдері оның ішінде Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей және Тәжікстанның жоғары қадағалау органдарының басшылары қатысты. 

Прокурорлар қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы тұру бойынша ынтымақтастықтың одан әрі өзекті қырларын талқылады. Олар азаматтардың құқықтарын, әсіресе, өз елінен тыс мемлекеттердегі азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша тәжірибе алмасу, қылмыспен күресудегі бірлескен шаралар бойынша мемлекетаралық бағдарламалардың орындалуы туралы пікір алмасты.

Қазақстанның Бас Прокуроры «түрме халқының» санын азайту жөніндегі қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті. Оның ішінде, түрме индексі бойынша көш бастап тұрған 50 елдің қатарынан Қазақстанның амнистиясыз шығуына мүмкіндік берген жүйелі шаралар туралы айтты. Отырысқа қатысушылар бұл ақпаратқа зор ықылас танытты.

Кеңес отырысынан соң Жақып Асанов Ресей Бас прокуроры Юрий Чайкамен, Беларусь Бас прокуроры Александр Конюкпен, Қырғызстан Бас прокуроры Индира Джолдубаевамен және БПҮК Атқарушы хатшысы Леонид Ермолаевпен келіссөздер жүргізді.

Сапар барысында ТМД елдері прокуратураларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіліп, өзара ықпалдастықтың негізгі бағыттары талқыланды.  

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу