Бас Прокурор тікұшақтың апатқа ұшырауын тергеуді бақылауына алды

28 наурыз 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қорғаныс министрлігінің әскери тікұшағы апатқа ұшырау фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 464 бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ұшу немесе оған дайындалу қағидаларын бұзу).

Қайғылы оқиғаның өзектілігіне орай, қылмыстық іс Бас әскері прокуратурасы арнайы прокурорларының өндірісіне қабылданды.

ҚР ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының  қызметкерлері қатарынан жедел-тергеу тобы құрылды.

Тергеу барысы Бас Прокурордың бақылауына алынды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу