You are here

Бас Прокурор Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 14-ші отырысының жұмысына қатысты (30 қараша 2016 ж., Санья қ., ӨХР)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов ҚХР Санья қаласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 14-ші отырысының жұмысына қатысты, онда терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Іс-шараға ШЫҰ елдері – Қытайдың, Қырғызстанның, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның жоғары қадағалау органдарының басшылары, байқаушы мемлекеттер – Беларуссия, Иран, Монғолия, Пәкістан өкілдері қатысты.  

Кездесу кезінде Ж. Асанов, осы кездесуді ұйымдастырғаны үшін қытайлық әріптестеріне алғыс білдіре отырып, бұл алаңның терроризмге қарсы күрестің әмбебап құралдары мен әдістерін жасап шығару жолындағы бірегейлігін атап өтті. Сондай-ақ ол қатысушыларға террористік актілерді болдырмау және дағдарысты жағдайларды ауыздықтау бойынша  қазақстандық прокуратураның тәжірибесі туралы, терроризмнің алдын алу кезінде құқық қорғау органдары баса назар аударатын негізгі факторлар туралы ақпарат берді.

Радикалдардың криминалдық болмысына, салафизм қаупіне, азаматтардың сирия-иран жанжалының аймағына шығуына назар аударды. Радикал «ұйымдардың» пайда болу көздері туралы айтты.

Сондай-ақ Бас Прокурор шетелдік әріптестерімен қазақстандық мемлекеттік органдардың халықпен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті, олар практикада алғаш рет республика өңірлерінің бірінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша кешенді әдіс қолданған болатын.

Бірлескен алдын алу шараларын айта отырып, қазақстандық қадағалау ведомствосының Басшысы оларды іске асыру бойынша бірқатар нақты тетіктер ұсынды.

Прокурорлар қазіргі қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша одан әрі ынтымақтастықтың өзекті аспектілерін талқылады.

Сапар шеңберінде Жақып Асанов ҚХР Жоғарғы Халық Прокуратурасының бас прокуроры  Цао Цзяньминмен келіссөздер жүргізді. Кездесу кезінде нақты қылмыстық істер бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ШЫҰ елдерінің бас прокурорларымен екіжақты кездесулер өтті, олардың барысында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорлары кездесуінің қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылып, терроризмге қарсы күрес саласындағы өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасудың бірыңғай тәсілдері әзірленді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.