You are here

Бас Прокурор ресми үндеу жасады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Жақып Асановтың қатысуымен Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Консультативтік кеңестің отырысы болып өтті.

Жиналыс барысында Бас Прокурор жер мәселесі бойынша ресми үндеу жариялап, келесіні хабарлады:

- Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Жер кодексінің кейбір нормаларын қолдануға мораторий жарияланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Жер реформасы бойынша комиссия құрылды. Оның құрамына азаматтық қоғам институттарының басшылары мен белсенділері кірді.

Азаматтар Комиссия жұмысына өңірлерде құрылған қоғамдық кеңестер арқылы да қатыса алады.

Комиссия отырысында пікір алмасу барынша ашық. Оның қызметі ақпарат құралдарында тұрақты жариялануда. Арнайы ашылған jerturaly.kz сайтында қазақстандықтар өз сұрақтарын Комиссияға қойып, ұсыныс-тілектерін бере алады.

Бір сөзбен, жер мәселесі бойынша кез-келген пікір білдіру үшін барлық жағдай жасалған.

Алайда, кейбір адамдар осындай жағдай мен заң талаптарын елемей, ортақ диалогтан қашып, халықты заңсыз қарсылық акцияларына шақыруда.

Әлеуметтік, ұлтаралық араздықты қоздыру үшін жалған ақпарат әдейі таратылып жатыр.

Мұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келеді.

Осыған байланысты қоғамдық тұрақтылықты сақтау үшін ел азаматтарын мұндай арандатуға бой бермеуге, азаматтық ұстаным мен жауапкершілік танытуға шақырамын.

«Прокуратура туралы» Заңның 25-2 бабын басшылыққа алып, заңсыз митингке шақыру, оны ұйымдастыру, тіпті оған қатысудың өзі әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертемін.

Құқық қорғау органдары кез-келген заң бұзушылықтың жолын кесіп, қылмыстық қудалауға дейін заңда көзделген шараларды дереу қабылдауға міндетті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.