You are here

Бас Прокурор мен ГФР Елшісінің кездесуі туралы баспасөз баяны (Астана қ., 10 қараша 2016 ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Бас Прокурор Жақып Асанов пен Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рольф Мафаэльмен кездесуі өтті.

Елші мырзаға қошемет көрсеткен Жақып Асанов оны дипмиссия басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтады және жоғары қызметте кәсіби жетістіктер тіледі.

Кездесу барысында Бас Прокурор қазақстан-герман қатынастарының серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.

5 жыл бойы Қазақстан Бас прокуратурасының бастамаларын қолдап келе жатқан Германия халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорына белсенді өзара іс-қимыл үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар, кездесу кезінде Ж. Асанов Елшіге қазіргі кезеңдегі қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары жайлы айтты.

Прокуратураның экстрадициялау, қылмыстық істер және сотталғандарды тапсыру жөнінде құқықтық көмек көрсету бойынша басқа мемлекеттермен ынтымақтастық үшін жауапты екендігіне назар аударды. Ол үшін тұрақты негізде халықаралық шарттар әзірлеу және жасау бойынша шетелдік әріптестермен жұмыс жүргізілуде.

Қазақстанның Бас Прокуроры Мафаэль мырзаны халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер мен перспективалар туралы хабардар етті, оның ішінде Германиямен экстрадициялау, қылмыстық істер және сотталғандарды тапсыру бойынша құқықтық көмек көрсету туралы шарттар жасасу қарастырылған.

Жақып Асанов Елшіден Қазақстанның бастамаларын қолдауын сұрады және Германия келіскен жағдайда дереу шарт жұмыстарын бастауға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысында Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалогқа ашық екендігін және екіжақты қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге ниетті екендігін атап өтті.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.