Бас прокурор Мемлекет басшысын ведомствоның негізгі ІТ-жобаларымен таныстырды

13 қыркүйек 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

13 қыркүйек,  Астана қ.  Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен цифрландыру мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

Кеңес жұмысына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың басшылары, отандық және шетел корпорацияларының, сондай-ақ әлемнің 10-нан астам елдерінен АКТ-компанияларының өкілдері қатысты.

Министрліктер мен ведомстволардың, сондай-ақ ұлттық компаниялардың өкілдері Президентке өздерінің жетекші ақпараттық жобаларын ұсынды.

Бас прокурор Мемлекет басшысына қылмыстық процесс, әкімшілік іс, кәсіпкерлік салаларындағы ІТ-жобаларын таныстырды және осы жобалар азаматтардың өмірін қалай жақсарта алатыны, сондай-ақ ресурстарды үнемдейтіні жөнінде айтып өтті.

Ұлт жоспары мен Мемлекет басшысының "Жаңғыру 3.0" Жолдауын практикалық тұрғыдан орындау аясында әзірленген Бас прокуратураның жобалары қылмыстық және әкімшілік процестерде түрлі бұрмалауларды барынша азайтуға, төрешілдікті жоюға бағытталғанын еске саламыз.

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі

press@prokuror.kz
+7 7172 712 766

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу