You are here

Бас Прокурор Құқық қорғау органдары Академиясының басшылығын таныстырды (Астана қ., 2015 жылғы 1 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаев Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының басшылығын таныстырды.

Бұрын хабарланғандай, өткен аптада Мемлекет басшысының өкімімен Ұлан Байжанов осы Академияның ректоры болып тағайындалған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі комиссияның келісімінен кейін Бас Прокурордың бұйрығымен  бірінші проректор лауазымына Еркін Оңғарбаев және проректор лауазымына Роза Досымбекова тағайындалды.

А.Дауылбаев жоғары оқу орнының басшылығын таныстыра отырып, барлық құқық қорғау органдары үшін бірыңғай Академия құру жөніндегі бастаманы еліміздің Президенті қолдағанын ерекше атап көрсетті.

Жоғары оқу орнының қызметі құқық қорғау органдарының жұмысын бірыңғай ғылыми қамтамасыз етуге, сондай-ақ құқық қолдану қызметінде пайдалануға боларлық қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Осыған орай, тұңғыш рет бір жоғары оқу орнында барлық құқық қорғау органдарының басшы кадрларын даярлау және осы саладағы ғылыми зерттеулер жүргізу шоғырландырылған.

Бүгінде Академияның материалдық базасы тыңдаушылардың бірнеше тобын бір уақытта орналастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Академияның жарғысы, оның құрылымы, штаттық кестесі, қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары, магистратура мен докторантураға қабылдау ережелері бекітілген. Білім беру қызметімен айналысуға лицензия алынған.

Ғылыми-білім беру қызметінің басым бағыттарын белгілеп, сондай-ақ   ұйымдастырушылық міндеттердің кешенін анықтап, Бас Прокурор Академияның басшылығына Мемлекет басшысының құқық қорғау органдары кадрлық құрамының сапасын арттыру жөніндегі міндеттерін тиімді жүзеге асыруды қаматасыз етуді тапсырды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы таратылған Қаржы полициясы академиясы мен С.Есқараев атындағы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы заңдылық, құқық тәртібі мәселелерін зерттеу және прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының негізінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 4 мамырдағы № 15 Жарлығымен құрылған. Академияға білім беру ұйымының ерекше мәртебесі берілген.

Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрғандарды қоса алғандағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, құқық қорғау қызметі саласындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді жүргізу және оларды үйлестіру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру Академия қызметінің негізгі бағыттары ретінде белгіленген.

Ұ.Байжанов әр жылдары мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Атап айтқанда, Алматы қалалық атқару комитетінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы Әділет басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер вице-министрі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ вице-президенті, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры, Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры Аппаратының басшысы лауазымдарында қызмет істеген.

 

 

 

 

Е.Оңғарбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды жоғары мектебі бастығының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басқарма бастығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің проректоры, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің проректоры лауазымдарын атқарған.

 

 

 

 

Р.Досымбекова Қазақстан Республикасы Парламентінің Аппаратында, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде, прокуратура органдарында жауапты лауазымдар атқарған. Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадр жұмысы департаментінің бастығы болып қызмет істеген.

 

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.