You are here

Бас Прокурор ҚР-дағы Катар Мемлекетінің Елшісімен кездесті (Астана, 5 сәуір 2017ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Бас Прокурор Катар Мемлекетінің Қазақстандағы Елшісі Ахмед Әли Әл-Тамими мырзамен кездесуі өтті.

Ж.Асанов Елші мырзаны қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары мен басымдықтары жайлы және халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер мен перспективалары туралы хабардар етті.

Катардың құқық қорғау және сот жүйесі құрылымы туралы мәлімдей отырып, Елші мырза Бас Прокурорға катарлық тараптың құқықтық салада екі жақты қатынастар орнатып, дамытуға қызығушылығы туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысында Бас прокурор қазақстандық прокуратураның халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалог үшін ашық екендігін және екіжақты қатынастарды кеңейтуге және тереңдетуге ниетті екендігін ерекше атап өтті.

Сондай-ақ Ж.Асанов Елші мырзаға келгені үшін алғыс айтып, Қазақстандағы катарлық дипломатиялық миссия жетекшісі ретінде жемісті жұмыс тіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.