You are here

Бас Прокурор Конституция күнімен ұжымды құттықтады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор Конституция күнімен ұжымды құттықтады  - 1377825765

29.08.2017ж., Астана қ. Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында Бас прокуратура ғимаратында салтанатты жиналыс  өтті. 

Бас Прокурор Жақып Асанов конституциялық нормалардың зор әлеуетін, оның уақыт сынағынан сүрінбей өтіп, еліміздің гүлденуі мен дамуында, сенімді экономикалық өсуін қамтамасыз етуіндегі елеулі үлесін атап өтті.

Ж. Асанов: «Әрине, әлемнің ежелгі Конституциялары секілді біздің Конституциямыздың ғасырлық тарихы жоқ. Дегенмен атқарылған міндеттерінің көлемі бойынша біздің Конституция олармен терезесі тең келеді» - деді.

Бас Прокурор Конституцияның кепілі - Қазақстан Республикасы Президентінің ролін ерекше атап өтті. Ол Елбасының сенімді әрі бірізді саясатының арқасында еліміздің беделі халықаралық алаңда нығайғаны жайлы айтты.

Жақып Асанов конституциялық реформа мен «Прокуратура туралы» жаңа Заңын қабылдау аясында прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттерге тоқатала кетті. Ол бұл реформалар  прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге бағытталғанын айтты.

Айтулы мерекенің құрметіне орай қызметін мүлтіксіз орындағаны үшін Бас прокуратураның бірқатар қызметкерлері құрмет грамоталары мен ведомстволық медальдармен марапатталды.

Жиын соңында Бас Прокурор барлығына мықты денсаулық, бейбітшілік пен татулық тіледі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Бас Прокурор Конституция күнімен ұжымды құттықтады  - 788509880
Бас Прокурор Конституция күнімен ұжымды құттықтады  - 160355367
Бас Прокурор Конституция күнімен ұжымды құттықтады  - 309712631

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.