Бас Прокурор Кипр Республикасына жұмыс сапарымен барды

17 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Ғизат Нұрдаулетов Кипр Республикасына жұмыс сапары шеңберінде Әділет министрі Ионас Николау және Бас Прокурор Костас Клеридеспен кездесті.

Ведомстволардың басшылары қылмысқа қарсы күресу саласындағы көкейкесті мәселелерді талқылады.

Қазақстанның Бас Прокуроры шетелдік әріптестерін еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі прокуратураның рөлі, құқықтық саясатты жаңғырту және ізгілендіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып берді.

Екі жақты шарттық-құқықтық қорды кеңейту және Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Одағының конвенциясына қосылу мәселесі жеке қозғалды.

Кездесуді қорытындылай отырып, Ғизат Нұрдаулетов шетелдік әріптестерін жылы шырайлы қабылдағандары үшін алғыс айтып, екі жақты қатынастардың нығая түсетініне сенім білдірді.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Бас Прокурор Кипр Республикасына  жұмыс сапарымен барды  - 861431928

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу