Бас Прокурор Халықаралық прокурорлар қауымдастығының жыл сайынғы конференциясының жұмысына қатысты

19 қыркүйек 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткен (15-17 қыркүйек) Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 24-жыл сайынғы конференциясына қатысты.

Форумға  әлемдегі  90-нан астам елдің жоғары қадағалау органдарының басшылары жиналды.

Бұл конференция тәжірибе алмасудың және әртүрлі елдердің Бас прокурорларының ынтымақтастығын нығайту үшін диалогтік алаң болып табылады.

Іс-шарада ұйымдасқан қылмысқа, сыбайлас жемқорлыққа және ақшаны жылыстатуға қарсы күрес, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар Ғ.Нұрдәулетовтің ХПҚ басшылығымен және Еуропа, Азия мен Латын Америкасы елдерінің бас прокурорларымен келіссөздері өтті.

Кездесу қорытындылары бойынша тараптар өзара мүдделі болатын мәселелер бойынша ынтымақтастықты арттыруға келісті.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу