You are here

Бас Прокурор Грузия Жоғарғы сотының Төрайымымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

28 тамыз 2017 жыл, Астана қ. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов Грузия Жоғарғы сотының Төрайымы Нино Гвенетадземен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен Грузиядағы сот реформаcы және қылмыстық сот төрелігі жүйесін талқылады.

Грузия тәжірибесінің ерекшелігі, бұл мемлекет еуропалық қылмыстық сот өндірісі моделіне қысқа мерзімде көшті және қазіргі уақытта оны тиімді қолдануда.

Ж.Асанов «Прокуратура туралы» жаңа Заң аясындағы прокуратура органдарының міндеттері туралы, сонымен қатар қылмыстық процесте адам құқықтарын қорғауда қабылданып жатқан шаралармен бөлісті.   

Шетелдік әріптестерге Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығы таныстырылды. Оның міндеттері жедел түрде арыз шағымдарды шешу, азаматтардың құқық қорғау және мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыру, әкімшілік кедергілерді жою болып табылады.

Сонымен бірге, Елбасының елімізде цифрлық технологияны дамыту туралы тапсырмасын жүзеге асыру шеңберіңде «Электрондық қылмыстық іс», «Әкімшілік өндірістің біртұтас тізілімі» және «Сараптау орталығы» туралы жобалары көрсетілді.

Қылмыстық және әкімшілік істердің сатыларын цифрландыру істерді жоғалту фактілерін жоятындығы, қағазбастылықты, тергеу мерзімдері (қарау), сараптауды  және тікелей онлайн түрде тергеуді барлық сатысына бақылау күшейтілетіндігі атап өтілді.

Өз кезегінде процестерді алгоритмдеу, сараптаманы автоматтандыру, ішкі және сыртқы мәліметтерді байланыстыру Сараптама орталығына кримоногендік болжамдар, халықтың хабардар болуы үшін Data driven decisions қолдану арқылы (мәліметтерге негізделген шешімдер) сараптамалық материалдар жасауға және құқық қорғау органдарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.   

Кездесу соңында Бас Прокурор грузин тарапына елімізге жасаған сапарына алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара әрекеттестіктің одан әрі кеңейетіндігіне тілек білдірді.

  

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.