You are here

Бас Прокурор ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшысымен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының басшысымен кездесті - 2075090395

2017 жылғы 24 тамыз, Астана қ. Қазақстанның Бас Прокуроры ЕҚЫҰ Төрағасы, Австрия Парламенті Ұлттық кеңесінің депутаты Кристин Муттонен бастаған ЕҚҰЫ Парламенттік Ассамблеясы делегациясының мүшелерімен кездесті.

Кездесуді аша отырып, Жақып Асанов К.Муттоненді ЕҚҰЫ-ның Парламенттік Ассамблеясы Төрағасы лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, оның халықаралық ұйымның дамуына қосып жатқан зор үлесін атап өтті.

Кездесу барысында екіжақты мүддені қамтитын ынтымақтастықтың өзекті бағыттары бойынша жүйелі әңгімелесу мен пікір алмасу орын алды. Соның ішінде тараптар халықаралық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды аспектілері бойынша Қазақстан мен ЕҚҰЫ арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін сақтау қажеттігін атап өтті.

Осы тұрғыда Жаһандық қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб аясындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау кездесудің басты тақырыбына айналды.

Жақып Асанов қонақтарға оқу орталығын құрудың мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Бұл бастаманы батыс елдері мен халықаралық ұйымдардың белсенді қолдап жатқанын ерекше атап өтті.

Мысалы, осы жылдың сәуір айында Бас прокуратура мен БҰҰ-ның арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы жобаны ары қарай жылжытуда барынша көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Өз тарапынан Кристин Муттонен жаһандық және өңірлік проблемаларды шешу үшін білім беру саласын пайдаланудың өзектілігін атап өтті.

Қазақстанның Бас Прокуроры ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы аясында Терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комитет құру шешімін жоғары бағалады. Оның пікірінше, жаңа құқықтық институт заманауи қауіптерге қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың тиімді құралына айналуға міндетті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.