You are here

Бас Прокурор БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Бас Прокурор БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті - 615119699

Астана, 2017 жылғы 18 мамыр.  Бас прокуратурада Бас Прокурор Жақып Асановтың БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесуі өтті.

Елшіні қарсы ала отырып, Жақып Асанов оны дипломатиялық миссия басшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, жоғары мәртебелі қызметте кәсіби жетістіктерге жетуіне тілек білдірді.

Кездесу барысында Бас Прокурор қазақстан-араб қарым-қатынасының серпінді дамып келе жатқанын атап өтті.

Ж. Асанов, қазіргі заманғы кезеңде қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпар бере отырып, прокуратура қылмыстық сот ісін жүргізу саласында халықаралық ынтымақтастық үшін жауап беретінін айтты. Осыған байланысты, халықаралық шарттарды дайындау және жасау бойынша шетелдік әріптестермен жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.

Тараптар шарттық-құқықтық қорды кеңейту мәселесін талқылады және жақын арада сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық шартқа қол қоятындарына үміт білдірді. Бұл құжаттың жобасы дайындау аяқталу сатысында.

Бұрын сотталғандарды беру, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасы мен БАӘ арасында халықаралық шарт жасалғаны атап өтілді.

ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

Бас Прокурор БАӘ елшісі Мохаммад Ахмад Альджабермен кездесті - 545291731

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.