Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Чех Республикасына сапары туралы баспасөз ақпараты (Прага қ., 22-24 қараша 2012 ж.)

23 қараша 2012 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Чех Республикасында жұмыс сапарымен болды және оның аясында Әділет министрі Павел Блажекпен және Бас прокурор Павел Земанмен кездесулер жүргізді.

Сұхбат барысында тараптар ынтымақтастықтың деңгейіне ризашылықтарын білдіріп, өзара мүдделілік танытатын, сондай-ақ қылмыспен күрес саласына байланысты бірқатар мәселелерді талқылады.

Осыған орай екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосымша серпін беретін, қол қоюға әзірленіп жатқан Қазақстан мен Чехия арасындағы Құқықтық көмек туралы шартқа қатысты мәселелер келіссөздердің маңызды тақырыбы ретінде болды.

П.Блажек мемлекеттің халықаралық-құқықтық саясатын іске асырудағы Қазақстан прокуратурасының рөлін жоғары бағалай отырып, Чехия Әділет министрлігі Шартқа тез арада қол қоюға және оны іске асыруға барлық күш-жігерін салатынына сенім білдірді.

Чехияның Бас прокуроры Павел Земанмен кездесу барысында әнгімелесушілер заңдылық пен аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен осы заманғы қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы тұруға өзара күш-жігерлерін ілгерілету жөніндегі стратегиялық міндеттермен байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру ниеттерін растады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу