You are here

Бас прокуратураның жаңа құрылымы бекітілді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

6 қараша 2017 жыл, Астана. Елбасы 2017 жылғы 13 қазанда «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына қол қойды.

Аталған Жарлықпен Бас прокуратура туралы ереже, оның құрылымы бекітіліп, ведомствоның жалпы штаттық саны, сыныптық шен берілетін лауазымдар тізілімі белгіленді. Сонымен бірге кейбір Жарлықтарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, сондай-ақ Президенттің жеке актілері нормаларының күші жойылды деп танылды.

Бас прокуратура туралы ережеде ведомствоның негізгі функциялары мен міндеттері, құқықтық мәртебесі, сондай-ақ Бас Прокурордың өкілеттіктері бекітілген.

Жарлықпен алғашқы рет Бас прокуратураның миссиясы белгіленді - мемлекет атынан Қазақстан Республикасының аумағында заңдылықтың сақталуына заңда белгіленген шекте және нысандарда жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүддесiн бiлдiру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру.

Прокуратураның конституциялық функцияларын жүзеге асыру төрт бөлімшеге жүктеледі:

·        Қылмыстық қудалау қызметі (1-Қызмет);

·        Күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметі (2-Қызмет);

·        Қоғамдық мүддені қорғау қызметі (3-Қызмет);

·        Арнайы прокурорлар қызметі (4-Қызмет).

Қылмыстық қудалау қызметінің міндеті кінәсіз тұлғаның қылмыстық жауапкершілікке тартылуына жол бермеу және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Жазаны орындау кезінде сотта істі әділ қарау, адамгершілікті сақтау және қадір-қасиетін қорламау бойынша адам құқығын қорғау – 2-Қызметтің негізгі бағыты.

Мемлекеттік, жергілікті уәкілетті және атқару  органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымдық тұлғаларының, меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдар қызметінің, сондай-ақ олар қабылдайтын актілер мен шешімдердің заңдылығына жоғары қадағалауды 3-Қызмет жүзеге асырады.

4-Қызметтің басты бағыты – сотқа дейінгі тергеу, атап айтқанда, тергеу және жедел тергеу топтарына басшылық ету жолымен.

Бас прокуратураның қызметін толық үйлестіру бұрынғыдай Бас Прокурордың Аппараты арқылы жүзеге асырылады.  

Кадрларды дамыту, халықаралық ынтымақтастық, ішкі тергеу, қаржы, стратегиялық даму мәселелері Департаменттер арқылы іске асырылады.

Ішкі аудит, заң шығаруды үйлестіру, өтініштер және іс қағаздарын жүргізу, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау дербес басқармалар арқылы жүзеге асырылады.

Жарлықтың толық мәтінімен Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының кейбір мәселелері туралы сілтемесі арқылы танысуға болады.  

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
8 7172 71 27 66
8 7172 27 2819

        

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.