You are here

Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамының отырысы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 18 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның Заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңесінің жаңартылған құрамының отырысы болып өтті.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Қоғамдық кеңестің құрамына елімізге белгілі адамдар және беделді мамандар енді, олардың тәжірибелері, кәсіби шеберліктері және белсенді азаматтық ұстанымдары кеңестің алдында тұрған жауапты міндеттерге жемісті түрде қол жеткізуге септігін тигізеді. Олардың арасында белгілі қоғам қайраткерлері, депутаттық корпустың, ғылыми қауымдастықтың, бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бар. Кеңесті белгілі саяси қайраткер, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов басқаратын болды.

Бас Прокурор атап өткендей, Кеңес қадағалау органдарының қызметін жетілдіруге, азаматтардың құқықтарын қорғау кепілдігін арттыруға, прокуратура қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз етуге көмектесетін болады. Құқық қорғау жүйесіне тұрғындардың сенімін күшейту, құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолында азаматтық қоғам рөлін арттыру жөніндегі өзекті мәселелерді шешуде жұртшылық өкілдерінің қатысуы алдағы жұмыстардың тиімді және жемісті болуының басты кепілі ретінде танылды.

Ынтымақтастық көкжиектерін талқылау барысында бірқатар сындарлы ұсыныстар мен бастамалар айтылды, олардың негізінде негізгі жоспарлы іс-шаралар жасалатын болады. Жиналысқа қатысушылар қоғамдық институттың еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті жан-жақты күшейту, қоғамды толғандырып отырған өзекті мәселелерді шешу ісінде қарымды құралға айналатынына сенім білдірді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz

twitter.com/#!/GenProkRK

facebook.com/GenProkRK

www.youtube.com/user/GenProkRK

vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.