You are here

Бас прокуратураның веб-сайты үздіктер арасында екінші орын алды (Астана қ., 2015 жылғы 15 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның ресми веб-сайты мемлекеттік органдардың 2015 жылғы үздік интернет-ресурстары арасында екінші орынды иеленді.

«Қазконтент» акционерлік қоғамы өткізетін жыл сайынғы мониторинг қорытындылары бойынша ресми интернет-ресурстардың мазмұндық сипаты, дамуы және алға басуы сияқты негізгі көрсеткіштері бағаланды.

Рейтингті ұйымдастырушылар Бас прокуратураның сайты (www.prokuror.gov.kz), сондай-ақ онымен біріктірілген облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың сайттары көпшілік аудиторияның сеніміне барынша ие және пайдаланушылардың сұранысына неғұрлым сай өзекті мазмұндық материалдармен тұрақты түрде толығып отыратындықтарын атап көрсетті.

Сайтта ақпараттық материалдармен қатар ішкі қауіпсіздік, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі сенім телефондары, сондай-ақ прокуратура органдарында өтініштерді қарау, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау тәртібін түсіндіретін мәліметтер, Бас прокуратураның Call-орталығы, www.115.kz электрондық порталының қызметі туралы ақпараттар орналастырылған.

Бас Прокурордың, облыстардың және оларға теңестірілген  прокурорлардың блогтары жұмыс істейді,  оларда әрбір азамат прокуратура органының бірінші басшысына сұрақ қойып, оған қысқа уақытта жауап ала алады.

Бүгінгі таңда прокуратура органдары сайттарының жұмысымен күн сайын үш мыңға жуық адам танысады. Биылғы жылы сайт қызметін бір миллионға жуық адам пайдаланған. 

Сайттың мазмұндық сапасын жақсарта түсу жөніндегі жұмыстар бұдан былай да жалғасын табатын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.