You are here

Бас прокуратураның үйлестіру кеңесінде ұрлықтың алдын алу мәселелері талқыланды (Астана қ., 27 наурыз 2017ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурордың төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті  қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде ұрлықтың алдын алу шаралары талқыланды.

Үйлестіру кеңесінің жұмысына Парламенттің Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Президент әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, құзырлы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, мемлекеттік емес ұйым өкілдері қатысты.

Отырысты ашқан Ж. Асанов «Шынымен, осы залда танысы не туысқаны ұрлықтың құрбаны болмаған адам жоқ шығар. Проблема қоғамның әлеуметтік көңіл-күйіне әсер етуде. Ұрлықпен күресудің әдіс-тәсілдері ескіріп, тиімсіздігін көрсетуде», - деп атап өтті.

25 жылда елімізде 2 млн. астам ұрлық орын алған. Оның 1,5 млн.-ы ашылмай қалды. Ұрлық жалпы қылмыстың 60% құрайды. Тек соңғы 5 жылда ұрлықтан келген шығын 70 млрд. теңгеден асып кетті.

Жағдайды жақсарту мақсатында 2016 жылдың қазан айында Бас прокуратурамен ІІМ бірлесіп «Ұрлыққа тосқауыл!» жобасын бастады. Оның мақсаты – ұрлық санын түбегейлі азайту, азаматтардың қауіпсіздік жүйесін нығайту, жаңа ұрлықтардың жасалуын ескерту.

Бас прокуратураның 2-ші Департамент бастығы Құсаин Игембаев өзінің баяндамасында ұрлықтардың алдын алуда жаңа тәсілдер пайдалану қажеттігін айтты. Азаматтар мен кәсіпкерлерді тарту, сондай-ақ замануи технологиялар мен шет елдердің оңды тәжірибелерін пайдалануды ұсынды.

Жоба аясында мадақтау жүйесін енгізу арқылы бейнебақылау камералар жүйесін кеңейту жоспарланып отыр. Нақтырақ айтсақ, бейнекамераның иесіне сол бейнекамераның көмегімен ашылған қылмыстық құқықбұзушылық үшін өндірілген айыппұлдың пайызын төлеу ұсынылды.

Сонымен қатар пәтер ұрлықтарын алдын алу үшін «Қазақтелеком» АҚ-мен көппәтерлі үйлерде бейнекамералар жүйесін кеңейту бойынша– «Бұлтты бейнебақылау» жобасы ұсынылды. Оның қызметі, айсайынғы төмен бағамен төлемақы арқылы тұрғындар смартфон мен басқа гаджеттер арқылы өздері онлайн-режимде өздерінің үйін бақылай алады. Өз кезегінде, жеке кабинет арқылы архивті жазбаларды көруге мүмкіндік беріледі.

Ұялы телефондар ұрлығын азайту мақсатында Австралияның тәжірибесін енгізу ұсынылды, оған сәйкес 2002 жылы мобильді операторлар ұрланған аппараттардың IMEI-кодтарының тізімін жасақтап және оларды жүйеде оқшауландыра бастаған. Бұл ұялы телефондарды ұрлаудың қажетсіз болуына әкелді, себебі олар кейіннен істен шығып, материалдық құндылығын жоғалтқан.

Мал, ұялы телефондар ұрлығын, автокөлікті айдап кету қылмыстарын азайту, қарудың заңсыз айналымы үшін жауапкершілікті күшейту және басқалар ІІМ-нің Криминалды полиция департаменті бастығы Арманбек Баймурзиннің баяндамасында атап өтілді.

Яғни, онымен қадағалаусыз және қараусыз жүрген малдарды уақытша ұстау үшін қашаларды құру, сонымен қатар Мал күту және ұстаудың бірыңғай ережесін қабылдау туралы ұсыныстар айтылды. Осы шаралар бақылаусыз мал бағуын болдырмай, сондай-ақ жайылымдардан мал ұрлығының азаюына мүмкіндік береді.

Өз баяндамасында Баймурзин қабылданған шаралар ағымдағы жылы тіркелген ұрлықтардың санын 7,9% төмендеуіне және «өткен жылдар» санатындағы ұрлықтардың ашылуын 41% жақсаруына қол жеткізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

Сонымен қоса, отырыста қүзетпен қамтылған аумақтарда орын алған ұрлықтар үшін күзет ұйымдарының жауапкершілігін күшейту, ломбард қызметін заңды тұрғыда реттеу, базар аумағында жасалған ұрлықтар үшін шығындарды өтеуде базар иелерінің жауапкершілігін көздеу ұсынылды.

Осы және басқа да көптеген ұсыныстар 40-қа жуық іс-шараларды қамтитын Жол картасының жобасына енгізілді.

 

                   ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ-нің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.