Бас прокуратураның Талдау орталығы WSIS - 2018 PRIZES дүниежүзілік конкурстың финалына шықты

30 наурыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау орталығы  2018 жылдың 18-24 наурызы аралығында Женевада өткен «IT қауымдастығы – 2018» (WSIS-2018) Дүниежүзілік саммитінің  конкурсында «Жоба-чемпион» атағын жеңіп алды.

«WSIS-2018 PRIZES» конкурсында талдау орталығы «Әлемнің тұрақты даму мақсаттары-2030» (БҰҰ) жобасын іске асырудағы қосқан елеулі үлесі үшін сертификатқа ие болды және «WSIS-2018 сәтті тәжірибелерінің үлгілері» жарияланымында жарық көреді.

Ақпараттық қоғам бойынша Дүниежүзілік саммиттің конкурсы – теңдесі жоқ ғаламдық платформа. Ол «Әлемнің тұрақты даму мақсаттары-2030» іске асырудағы сәтті тәжірибелерді анықтау және көрсету үшін қызмет етеді. Бұл  мақсаттарды әлемдік көшбасшылар 2015 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ-ның саммитінде қабылдады.  

2018 жылғы конкурсқа бүкіл әлем бойынша 685 жоба келіп түсті, оның 492-і дауыс беру арқылы номинацияға ие болды. Сарапшылардың іріктеуі бойынша ақтық сынға 90 чемпион-жоба жіберілді. Жалпы дауыс беруге 1 млн астам адам қатысты.

Айта кету керек, «WSIS» конкурсы пайда болған кезден бастап  300 мыңнан астам талапкер «Жеңімпаз» атануға ниет білдірді.

Анықтама: Талдау орталығы – өткен жылдардың ықпал ететін факторлары мен тарихын ескере отырып, прокурорларға қызметінде шешім қабылдауға көмектесетін жүйелер кешені. Жүйе өзін-өзі оқытады және болашақта қабылдау үшін  тек тиімді шешімдер ғана ұсынатын болады.

Талдау орталығы 2017 жылғы ақпанда құрылды. Бір жыл ішінде мемлекеттің әр түрлі бағытындағы жұмыс тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ дайын шешімдерді ұсынатын және заңдардағы осал тұстарды көрсете отырып, міндеттерді басымдыққа айналдыратын 6 ақылды жүйе құрылды. Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енгізілген.

Жүйелер қазірдің өзінде аймақтардағы қылмыстың әлеуетті драйверлерін автоматты сәйкестендіруге, қылмыстарды жасыру фактілерін анықтауға, «жасыратын» істерді табуға және т.б. қабілетті.

«WSIS-2018 PRIZES» конкурсының сайтының сілтемесі:  https://www.itu.int/net4/wsis/prizes/2018/

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу