You are here

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің Орталық коммуникациялар қызметінде сөйлеген сөзінің мәтіні (Астана қаласы,2013 жылғы 3 маусым)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары Мұхтар Әблязовтің БТА Банк қаражаттарын ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық ету, қылмыстық табыстарды жылыстату және банк қаражатын заңсыз пайдалану фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

2009 жылғы 6 наурызда оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осыған қоса, бірқатар ауыр қылмыстар жасағаны үшін Әблязовқа Ресей Федерациясы мен Украинаның құқық қорғау органдары іздеу жариялаған.

2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондон Жоғары Сотының шешімімен сотқа сыйламаушылық танытқаны үшін Әблязовқа 22 ай мерзімге түрмелік қамау тағайындалған. Алайда ол ағылшындық сот төрелігінен жалтарып кетті.

Ағымдағы жылғы мамырдың 28-нен 29-на қараған түнде италиялық полицияның Рим қаласы маңындағы жорамалды тұрып жатқан жерінде Әблязовті анықтау мен ұстау бойынша шаралары кезінде оның жұбайы – Шалабаева Алма Боранбаевна мен кәмелетке толмаған қызы – Әблязова Алуа Мұхтарқызы анықталды.

Тексеріс барысында полиция Шалабаеваның Италия аумағында Орталық Африка Республикасының «Аян Алманың» атына берген көрінеу жалғандық белгілері бар төлқұжат негізінде жүргенін анықтады.

Сараптама нәтижелерімен төлқұжаттың жалған екені анықталды, бұл Италияда қылмыстық тұрғыда жазаланатын әрекет болып табылады.

Алма Шалабаеваның өз сөздерінен қазақстандық азаматтығы анықталып, Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарының сауалы бойынша оны растағаннан кейін, италиялық билік Шалабаева мен оның қызын Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады.

Италиялық прокуратура полиция әрекеттері мен депортациялау туралы сот актісін заңды және негізді деп таныды.

Сәйкесінше, Шалабаева мен олардың қызынын құқықтары мен бостандықтарының Италия құзыретті органдары тарапынан бұзылғаны туралы Әблязовтің барлық мәлімдемелері негізсіз болып табылады.

2013 жылғы 1 маусымда Шалабаева қызымен Қазақстан Республикасына депортацияланды.

Италиялық құқық қорғау органдары Әблязовті анықтау мен ұстау бойынша шараларды жалғастыруда.

Бұрынара қазақстандық құқық қорғау органдар пара үшін Әблязовтің туыстарына, соның ішінде Шалабаева мен оның қызына іс жүзінде олар Қазақстан Республикасында жоқ болған кезде ұлттық төлқұжаттарды заңсыз жасау мен беру фактілері анықталған болатын.

Бұл дерек бойынша атыраулық көші-қон полициясы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қазіргі уақытта сотта.

Бүгінгі таңда тергеу Шалабаеваның аталған қылмысқа қатыстылғын тексеруде, оған ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Шалабаеваның өтініші бойынша тұрғылықты жері ретінде Алматы қаласы белгіленді, оның аумағынан ол тергеушінің рұқсатынсыз кетуге құқылы емес.

Тергеу органы оның ел Конституциясы мен заңдарымен кепілденген заңды құқықтары мен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ететін болады.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.