You are here

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сөйлеген сөзі (2016 жылғы 20 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

 Конституцияға және Мемлекет басшысының тапсырмасына сай Бас прокуратура ағымдағы сайлау процесінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Электоралдық кезеңде азаматтардың конституциялық құқықтарының және сайлау заңнамасының сақталу мәселелері прокурорлар үшін жұмыстың негізгі басымдылығы болып белгіленді.

Үгітті қоса алғанда дауыс берiлетiн күннің алдындағы барлық іс-шаралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сай жүргізілгенін атап өтеміз.

Мемлекеттік органдардың тарапынан қандай да бір бұзушылықтар тіркелген жоқ.

Тек сайлау алдындағы үгітті жүргізу шарттарының жекелеген бұзушылықтары орын алды.

Нақты айтқанда, Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында прокуратура учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы А.У. Жүнісоваға қатысты мәслихат депутаттығына кандидаттардың бірін қолдаумен сайлау алдындағы үгіт жүргізгені үшін әкімшілік іс қозғады (ӘҚБтК-тің 122-бабы).

Жүнісова комиссия төрағасының міндеттерін атқарудан босатылды, сондай-ақ оны сот 30 АЕК мөлшеріндегі айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Шымкент қаласының Қаратау ауданында қала мәслихатының депутаттығына кандидаттың үгіттеу материалдарын бүлдіргені үшін қаланың тұрғыны Ж.К. Бубеев әкімшілік жауапкершілікке тартылды (15 АЕК, ӘҚБтК-тің 114-бабы).

Сондай-ақ, сайлау алдындағы үгітті жүргізу ережелерін бұзу фактілері бойынша прокуратура елорданың үш тұрғынына заңды бұзуға жол берілмейтіні туралы алдын ала ескерту жариялады. 

Прокуратура органдары сайлау заңнамасының бұзылу фактілері бойынша өзге қадағалау актілерін енгізген жоқ.

Дауыс берiлетiн күннің алдындағы кезеңде Парламент Мәжілісіне сайлау бойынша прокуратура органдарына үш өтініш қана келіп түсті.

Мысалы, Валентина Безрукова Парламент Мәжілісінің депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде тіркеуден бас тартқан сайлау комиссияларына шағымданған.

Оған кандидаттарды ұсыну саяси партиялармен ғана жүзеге асырылатындығы түсіндірілді.

Жалпы, сайлау заңнамасының қандай да бір елеулі бұзушылықтарының болмауы, біздің пікірімізше, ағымдағы сайлау процесінің барынша ашық және заңды екендігін куәландырады.

Сайлау күніне, яғни, бүгінгі күнге қатысты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, бүгінгі күн прокуратура органдары үшін жұмыс күні болып табылады және бүгін түскен өтініштер дереу шешілетін болады.

Орталық деңгейде де, жергілікті жерлерде де сайлау комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік органдармен біздің үздіксіз байланысымыз орнатылған.

Сайлау учаскелерінде қоғамдық қауіпсіздікті полиция органдары қамтамасыз етуде.

Электоралдық науқан сияқты сайлау күні де байсалды жағдайда өтуде.

Азаматтардың сайлау құқықтарының бұзылуы немесе өзге елеулі құқыққа қайшы іс-әрекеттер тіркелген жоқ.

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша прокуратура органдарына 8 өтініш түсті.

Астанада прокуратураға партиялардың бірінің өкілі Рахымжановтың жәшiктердің байқалуына жағдай жасауды қамтамасыз етпегені үшін №78 учаскенің сайлау комиссиясының төрағасына шара қолдану туралы екі ұқсас өтініші келіп түсті.

Оңтүстік Қазақстан облысында Созақ ауданының прокуратурасына Г. Жақайқызы (аудандық мәслихатқа кандидат У. Шукееваның сенім білдірген адамы) кандидаттардың бірінің жақтастары дауыс беру үшін келген адамдардың фото/бейнетүсірілімін жүргізгендігіне шағымданған.

Аталған өтініштер құзыреті бойынша сайлау комиссияларына жолданды.

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының прокуратурасына аудандық мәслихатқа кандидаттардың бірінің сенім білдірген адамы А. Сүлейменова басқа кандидаттың сенім бiлдiрген адамы оның ар-намысы мен қадiр-қасиетін қорлағаны туралы арызбен жүгінген.

Өтініш қарау үшін полицияға жолданды.

Шығыс Қазақстан облысында А.А. Кузнецов емдеу мекемелерінің бірінің пациенттерін сайлаушылар тізіміне енгізілуінің негізділігіне қатысты прокуратураға арызбен жүгінген.

Аталған өтінішті арызданушы дереу қайтарып алған, осыған байланысты қараусыз қалдырылды. 

Қалған өтініштер бойынша оларда көрсетілген бұзышылықтардың белгілері туралы ақпараттар тексерілуде.

Ахуалды мониторингілеу және сайлау заңдылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылуда.

Біздер сайлау заңдылығын қамтамасыз ету бойынша жұмыстардың нәтижелері туралы қорытынды ақпаратты қосымша тарататын боламыз.

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.