You are here

Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің Франция аумағында М.Қ.Әбіләзовтың ұсталу фактісі бойынша брифингте сөйлеген сөзі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен БТА Банктің 5 миллиардтан астам АҚШ доллары сомасындағы қаражатын  ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастырған ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу жалғастырылуда.

Салымшылардың, қазақстандық және халықаралық несие берушілердің қаражаттары инвестицияланған жүйе құрушы Банк активтерін ұрлау Әбіләзовке айып тағуға негіз болды және 2009 жылғы 6 наурызда оған халықаралық іздеу жарияланды.

Сонымен қатар, Әбіләзов Ресей және Украинаның құқық қорғау органдарымен іздестірілуде.

Былтырғы жылдың ақпан айында Ұлыбританиядағы Лондонның Жоғары Сотын құрметтемегендігі үшін Әбіләзовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшын сот төрелігінен жалтарып кетті.

Ағымдағы жылдың 31 шілдесінде Интерполдың француздық бюросы Әбіләзовтың Франция аумағында ұсталғаны туралы хабарлады.

Қазақстан Республикасындағы Интерполдың Ұлттық бюросымен француздық әріптестерге Әбіләзовтың ізделуінің ресми растауы жедел жолданды.

Дәл сол күні Әбіләзов муниципалдық сотпен оның процессуалдық мәртебесін анықтауға дейін қамауға алынды.

1 тамызда Экс-ан-Прованс қаласының сотымен Францияның қылмыстық-процессуалдық заңнамасына сәйкес Әбіләзовтың 40 тәулікке дейінгі қамауда ұсталуы санкцияланды.

Сот экстрадициямен байланысты барлық рәсімдердің аяқталуына дейін Әбіләзовтың Люин қаласының түрме мекемесінде ұсталуын белгіледі.

2 тамызда Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Әбіләзовты экстрадициялау туралы өтініш жолданды.

Сондай-ақ, украиндық және ресейлік құқық қорғау органдарымен француздық билікке Әбіләзовтың ізделуін және экстрадициялау туралы ниеттерін растау жолданғандары мәлім.

Аталған процестер бір біріне тәуелсіз жүруде және ешкімнің де басқа мемлекеттердің құзыретті органдарымен айып тағылған тұлғаларды іздеумен және ұстап берілуін сұрау ниетімен байланысты шешімдерді қабылдауға араласуға немесе әсер етуге құқығы жоқ.

Қылмыс жасауда күдікті тұлғаларды экстрадициялау мәселелері олар жасырынып жүрген елдердің ішкі заңнамасымен, сондай-ақ, халықаралық келісімдермен реттеледі.

Франция, Ресей және Украина 1957 жылғы 13 желтоқсанда Парижде жасалған Құқық бұзушыларды ұстап беру туралы еуропалық Конвенцияның қатысушылары болып табылады. Қазақстан Республикасы осы Конвенцияның қатысушысы емес.

Қазіргі таңда француздық билік халықаралық міндеттемелеріне сәйкес Әбіләзовты Украинаға экстрадициялау мәселесін қарастыруда. Оның осы Конвенцияның негізінде Ресей Федерациясына экстрадициялануының заңды мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

Конвенцияның 17 бабы бірнеше мемлекеттен экстрадициялау туралы өтініштер келіп түскен кезде айыпталушыларды ұстап беру мәселелерін реттейді және қылмыстың ауырлығына, оны жасау орнына, сұратулардың келіп түсу уақытына, азаматтығына және кейіннен басқа мемлекетке ұстап беру мүмкіндігіне байланысты шешім қабылдауды белгілейді.

Тиісінше, Әбіләзовты қандай да бір мемлекетке экстрадициялау туралы түпкілікті шешімді қабылдау, соның ішінде, аталған жағдайларға байланысты болады.

Әбіләзовты Қазақстанға экстрадициялаудың келешегіне қатысты соңғы кезде қылмыс жасаған айыпталушылардың еуропалық елдерден өзара ілтипаттылық тәртібінде, яғни екіжақты келісімдер болмаған жағдайларда да ұстап берудің оң үрдісінің байқалуын атап өту қажет.

Атап айтқанда, 2011 жылы Қазақстанға Испания мен Швециядан бір-бірден адам өлтіру және тонау жасаған айыпталушылар экстрадицияланды.

Былтырғы жылы Қазақстанға Португалиядан, Румыниядан және Болгариядан да әртүрлі қылмыстарды жасаған бір-бір тұлғадан экстрадицияланды.

Аталған шешімдер халықаралық қауымдастықтың адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз еткен Қазақстанның құқық қорғау және сот жүйелеріне деген сенімнің нығайғанын көрсетеді.

Айыпталушылардың Қазақстан Республикасына экстрадициялану мүмкіндігіне қатысты осы және басқа да тұжырымдар Әбіләзов сияқты БТА Банктің қаражаттарын ұрлау жөніндегі қылмыстық іс бойынша айыпталушылар Анвар Жақсыбергенов пен Вероника Ефимоваға қатысты Адам құқықтары жөніндегі еуропалық соттың сот актілерінде көрініс тапты.   

Тұлғаларды өзара ілтипаттылық тәртібінде, яғни шарттық қатынастар болмаған жағдайда ұстап беру тәжірибесі экстрадициялау туралы халықаралық келісімдерді жасасу келешегіне оң әсерін тигізеді және қазіргі таңда осы бағытта белсенді жұмыс жүргізілуде.

Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасымен жыл сайын шетелдік мемлекеттердің сұратулары бойынша 100-ден астам тұлғаны беру туралы шешімдер қабылдануда, өз кезегінде Қазақстанға экстрадициялау туралы шешімдер орта есеппен 70 тұлғаға қатысты қабылдануда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Әбіләзовты экстрадициялауға бағытталған қолданыстағы заңнамамен қарастырылған барлық шаралар қабылданатын болады.

Аталған мәселе Бас прокуратураның ерекше бақылауында тұр.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.