You are here

Бас прокуратураның Өтініштерді қарау және іс қағаздарын жүргізу туралы заңдардың қолданылуын қадағалау басқармасының бастығы Ләззат Жанысованың сөйлеген сөзінің мәтіні

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толыққанды және уақтылы қарау прокурорлардың қадағалау қызметіндегі басты басымдардың бірі болып табылады. Соңғы 5 жылдың ішінде прокуратура органдарына келіп түскен өтініштер саны 25 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың 10 айында олар 217 мыңға жеткен. Соның ішінде Бас прокуратураға 28 111 немесе 13 пайызы түскен.

Өтініштердің санаттарына келмек болсақ, олардың 41 пайызы қылмыстық қудалау органдарының актілері мен әрекеттеріне қатысты, 29 пайызы мемлекеттік органдар мен мекемелердің актілері мен әрекеттеріне қатысты болған. Сот актілерінің заңдылығы және оларды орындауға қатысты өтініштердің үлесі 22 пайыз құраған.

Біз өтініштерді қарау тәртібін реттейтін ведомстволық нормативтік-құқықтық базаны жаңарттық.

Атап айтқанда, прокуратура органдарында өтініштермен жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық Әділет министрлігінде тіркеліп, «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған. Биылғы жылдың 6 мамырынан бастап қолданысқа енгізілді. Сондымен қатар, Прокуратурада азаматтарды жеке қабылдау ережелері бекітілді.

Аталмыш екі құжат Бас прокуратураның ресми сайтында орналастырылған, олармен жақын танысуға болады.

Заңда белгіленгендей, Бас Прокурор мен оның орынбасарлары, облыстық прокурорлар жеке қабылдауды ай сайын бекітілген кестелерге сәйкес өткізеді. Ауданық, қалалық прокуратураларда жеке қабылдау күн сайын өткізіледі.

Ақпараттық технологиялар дамуына байланысты азаматтарды бейнеконференция арқылы «он-лайн» режимінде қабылдау мүмкіндігі туындап отыр. Осы технолгия арқылы өтініш беруші Астанаға келмей-ақ, Бас прокуратураның басшылығымен жүздесіп, оған өзінің уәждерін келтіре алады. Нәтижесінде ол өз қаражаты мен уақытын үнемдейді.

Келешекте мұндай әдісті республиканың барлық өңірлерінде қең қолданатын боламыз.

Осыған орай, біздің азаматтарды мұндай мүмкіндікті пайдаланып, бейнеконференция арқылы жеке қабылдауға жазылуға шақырамыз. Бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға 71-26-50 телефоны арқылы, тиісінше облыстық, Алматы және Астана қалалық прокуратураларына хабарласуға болады.

IT-технологиялар мен заңнаманың дамуына байланысты прокуратура органдарында электрондық іс жүргізуге көшу процесі жүруде. Осы жұмыстың шеңберінде Қазақстанда Бас прокуратураның арнайы ақпараттық сервис-орталығы жұмыс жасауда.

Осы орталыққа кіру үшін, біріншіден – ғаламторға шығу мүмкіндігі және электрондық сандық қолтаңба керек. Оны кез-келген халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Сосын www.115.kz электрондық өтініштерді қабылдау порталында тіркелу керек. Тиісті парольді алған соң сіз порталға кіріп, өз өтінішіңізді жазасыз, тиісті нұсқаларды толтырып, оған қол қойып, жөнелтесіз. Сосын арнайы талон аласыз, ол арқылы өтінішті тіркелгеннен бастап жауап берілгенге дейін бақылауға болады.

Егер ғаламторға шығу мүмкіндігі болмаса, еліміздің кез келген нүктесінде телефон арқылы 115 номерін теруге болады. Алынған ақпарат арнаулы мәліметтер банкіне жазылады, келешекте қажет болған жағдайда өтініш иесі мен оператор арасындағы телефонмен сөйлесу барысын тыңдау мүмкіндігі қарастырылған.

Сонымен қатар, өтініштердің қаралу нәтижесі туралы ақпаратты прокуратура органдары ғимараттарында орнатылған терминалдар арқылы да алуға болады.

Қорытындылап айтқанда, өтініштің қаралу барысын қаржылық шығынсыз және кабинеттердің табалдырықтарын тоздырмай-ақ бақылауға болады.

Қазақстандықтар өз өтініштерін аталмыш сервис орталығы арқылы барлық прокуратураларға (Бас прокуратурадан аудандық прокуратураға дейін) жолдай алады.

Осыған орай біз азаматтарды қазіргі заман талабына сай болып, прокуратура органдарына қағаз түріндегі емес, электрондық өтініштер жолдауға шақырамыз.

Осы жерде Бас прокуратура Call-орталығының жұмысына тоқтағым келеді.

Call-орталық 115 номері арқылы 6 түрлі арыздар мен шағымдарды тіркейді. Олар: 1) қылмысты қудалау органдарының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзу фактілері туралы арыздарды қабылдаудан бас тарту туралы әрекеттеріне; 2) кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы туралы; 3) азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуы туралы; 4) білім беру мекемелерінде жасөспірімдердің арасындағы және оларға қатысты заңсыз әрекеттер туралы; 5) көрсетілген медициналық қызмет үшін заңсыз ақы талап ету туралы; 6) прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы арыздар мен шағымдар.

Call-орталығының құзырына кіретін сұрақтар бойынша былтыр бар болғаны 55 өтініш түссе, биыл 355 өтініш түскен.

Сонымен қатар, Call-орталығы прокуратура органдарының жұмысы туралы ұсыныстар қабылдайды және прокуратурамен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіреді.

Дегенмен, азаматтардың ақпаратқа қол тигізуін қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылы біз Call-орталығы құзырының шеңберінен шығып, барлық қоңырауларды қабылдаймыз.

115 номері арқылы 30 мың қоңырау түсіп үлгерді, ал тұтас 2011 жылы бар болғаны 12 мың қоңырау түскен болатын. Олардың көбісінде (80 пайыз) абоненттерге ақпараттық анықтама қажет болған (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының орналасқан жері, почталық мекен-жайы, олардың сенім телефондары және т.б.), 15 пайызында қаралып жатқан өтініштердің тағдыры туралы ақпарат, 5 пайызында прокуратура органдарының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мәлімет керек болған.

Call-орталығы қызметкерлері өтініш берушілерді мұқият тыңдаумен қатар қажетті мәліметтерді электрондық жүйеге енгізеді және абоненттің өтініште қойған сұрақтарын мәні бойынша шешу үшін тиісті прокуратураларға дереу жолдап отырады.

Мысалы, биыл Call-орталығына келіп түскен өтініштер бойынша қабылданған прокурорлық шаралармен 100 млн. теңгеден астам еңбекақы мен түрлі төлемдер бойынша қарыздар өндірілген.

Дегенмен, біз бір орында тұрмаймыз. Өтініштермен жұмыс істеуді жетілдіру процесі жалғасуда. Жақын арада азаматтардың қысқа 115 номеріне ұялы телефон арқылы хабарласуына мүмкіндік жасалды. Ұялы байланыс абоненттеріне бұл қызмет туралы СМС-тер жіберілген. Қазір ұялық телефондардан қоңыраулар түсіп жатыр.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.