You are here

Бас прокуратураның көшпелі алқа отырысы туралы Баспасөз релизі (Қарағанды, 10 ақпан 2017 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Ж. Асановтың  төрағалық етуімен Қарағанды қ. Бас прокуратураның көшпелі алқа отырысы өтті. Онда бизнесті қорғау жөніндегі Жол картасын орындаудың алдағы нәтижелері талқыланды. Облыс әкімдігінің залында 2016 жылы 14 маусымда өткен «Кәсіпкерлік саласында өткен прокуратура қадағалауы» Форумында ұсынылған ұсынымдар бойынша Жол картасын іске аыру нәтижелері мен бизнес үшін неғұрлым өзекті болып табылатын проблемалы мәселелерді шешу жолдары атап өтілді.

Алқа отырысының жұмысына Қарағанды облысының әкімі, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың,  «Атамекен» КҰП-нің, бизнес - қауымдастықтарының және кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі өкілдіктердің өкілдері қатысты.

Бас прокуратура  елде қалыпты бизнес-ортасын құру бойынша өткізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті.

Жол картасы шеңберінде қабылданған жүйелі шаралар нәтижесінде:

Бірінші. СЭС және ТЖ желілері бойынша тексерістерде қойылатын 11 мың талапты алып тастап отырмыз. Тек адамдардың қауіпсіздіктері мен денсаулықтары үшін маңызды 3 мың талап қалдырылды.

Екінші. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде әкімшілік процесті ізгілендіру бойынша мәселелер пысықталуда. Атап айтқанда, жеңілдетілген жағдайда 30% бизнес үшін әкімшілік айыппұлды төмендету жөніндегі ұсыныс  Мәжілісте қаралуда.

Үшінші. Экономикалық қылмыстарды қозғауға ұстанымдар өзгертілді. Тексеріс және залалдар актілері болған жағдайда ғана қылмыс тіркеледі. Нәтижесінде қылмыстық істер 10 есеге азайып отыр (Форумға дейін – 6 мың, кейін 560).

Отырыста сондай-ақ, уәкілеттік органдардың, аумақтық органдардың жұмыстарындағы кемшіліктер атап өтілді. Қарағанды облысы прокуратурасының қызметтері жеке сынға алынды.

Кәсіпкерлерді қылмыстық процеске заңсыз тарту факітлері анықталды. Атап айтқанда, 50 жасар кәсіпкер Долгомысловты жауаптылыққа заңсыз тарту мысалы келтірілді. ЭТҚ қызметкері Әбдірахманов,  УҰИ-на орналастыру үшін әдейі алаяқтық айып артқан. Қорытындысында прокуратура қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатқан. Долгомыслов үшін бұл үлкен сызат қалдырды. Оның некесі бұзылып, денсаулығы сыр берді.  

2017 жылғы 1 шілдеден бастап кәсіпкерлер фискальдармен болып жататын дауларды соттағы даусыз және үлкен шығыстарсыз  шеше  алатын болататынына назар аударылды. Бұл үшін салық және кеден даулары бойынша сотқа дейінгі апелляция институты құрылып отыр. Жоспардан тыс тексерістер қысқара түсті.

ҚСжАЕК төрағасы Бағдат Мусин прокуратура әзірлеген жаңа цифрлық технологиялар туралы айтып өтті.

Атап айта кететін болсақ,  «Бизнес-тірегі» (2013 жылы енгізілген) ақпараттық сервисін пайдалана отырып 55 мыңнан астам тексерістің заңдылықтары тексерілді. Өткен жылдың өзінде 700 негізсіз тексерудің жолы кесілді және  300 шенеунік  жазаланды.

Жуық арада «Бизнес-тірегі» порталының мобильді қосымшасы енгізілетін болады. ЭЦҚ-сыз жүгінуге болады.

Бас прокуратураның сайтында арнайы формуляр бар, онда кәсіпкерлер бизнестің дамуына кедергі келтіретін нормаларды көрсете алады.  Бизнесмендерден 58 ұсыныс келіп түскен, оның 31-ін Бас прокуратура қолдап отыр. Бұл сілтемелер   «Атамекен» КҰП, сондай-ақ «Нұр Отан» партиясының барлық өңірлік сайттарында қолжетімді.

Алқа отырысын қорыта келе, Жақып Асанов IТ-технологиясын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын басты бағыттар мен бағдарларды да атап көрсетті. Бұл бизнесті дамыту, салық заңнамасын оңайлату, бақылау-қадағалау қызметтеріне ауқымды текеріс өткізу.

Бас прокуратураның талықлау қорытындысы бойынша барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып, Жол картасы іс-шараларын өзектендіру туралы шешім қабылданды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Видео - https://youtu.be/MaGVz2XpXKA

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.