You are here

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 21 ақпан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, онда жетім балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ халыққа тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемін көрсету мәселелері қаралды.

Алқа мәжілісінің жұмысына Бас прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшелері, Парламент депутаттары, білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктерінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бейнеконференциялық байланыс арқылы – облыс прокурорлары, облыс әкімдерінің орынбасарлары, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің басқармалары мен департаменттерінің басшылары қатысты.

Жетім балаларға арналған мекемелерде прокуратура органдары жүргізген тексерулер балалардың құқықтарын айтарлықтай бұзуға алып келген жүйелі проблемаларды анықтады.

Балаларға деген қаталдық және оларға күш көрсету өзекті мәселелердің бірі ретінде қалып отыр, оларға көбінесе осы мекемелердің жабықтығы септігін тигізіп отыр.

Жетімдердің тұрғын үй құқықтарын жаппай бұзу да түйткілді мәселе болып табылады, бүгінде сегіз мыңнан астам бала кезекте тұр.

Мәселенің өткірлігін ескере отырып, Бас прокуратура мұқтаж жетім балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға бірінші кезекте құқық беретін заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерді.

Көптеген мекемелерде балаларға өмір сүрудің қарапайым жағдайлары жасалмайды, олар заңмен кепілдендірілген жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді алмайды.

Талқылау қорытындысы бойынша Білім және ғылым министрлігіне балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін және күш көрсетуді болдырмаудың, осындай әрбір фактілер бойынша жедел ақпараттандыру және зардап шеккен балаларды одан әрі оңалту тетіктерін қарастыра отырып, тиімді заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды дайындау ұсынылды.

Жергілікті атқарушы органдарға жетімдерге бекітілген баспананы сақтаудың, балалардың мүліктік және тұрғын-үй құқықтарын сақтау бойынша шаралар қабылдамағандары үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін белгілеудің тетіктерін әзірлеу ұсынылды. Сондай-ақ, балалардың әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер алу құқықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету, оларды қамтамасыз етуге бөлінетін бюджет қаражатының жұмсалуына бақылауды күшейту тапсырылды.

Балалармен жұмыс талаптарына сәйкес оқыту-тәрбиелеу саласындағы мамандарды іріктеудің критерийлерін қайта қарау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Алқа мәжілісінде аталып өткендей, кейінгі бес жылда тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемінің аясында медициналық жәрдемді мемлекеттік қаржыландыру екі жарым есеге жуық – 2008 жылы 227 млрд. теңгеден  2012 жылы 541 млрд. теңгеге дейін артқан.

Бірақ, мемлекеттің осындай айтарлықтай қаржылық көмегіне қарамастан, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы бұрынғыдай төмен деңгейде қалып отыр, азаматтардың тиісті медициналық жәрдем алу құқықтары жаппай бұзылуда.

Прокурорлық тексерулер барысында тегін медициналық қызмет үшін заңсыз ақы алу, ауруларды дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етпеу, дәрі-дәрмек құралдарын және медициналық техниканы сатып алу барысында құқық бұзушылықтарға жол беру, бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану және ұрлау, қажетті медициналық қондырғылардың бос тұру фактілері анықталды.

Сонымен қатар, дәрігерлердің дөрекі қателіктер мен кешірілмес немқұрайдылықтары науқастардың денсаулықтарына айтарлықтай нұқсан келтіріп, тіпті кейде олардың өліміне алып келген жағдайлар анықталды. Кейінгі бес жылда сапасыз медициналық көмек көрсету фактілері бойынша 352 қылмыстық іс қозғалды.

Жиналыста анықталған заң бұзушылықтарды жою, азаматтардың сапалы дәрігерлік көмек алу құқықтарын қаматмасыз ету бойынша ведомство қабылдап отырған шаралар туралы Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова сөз сөйледі.

Тексерулер қорытындылары бойынша прокурорлар заңдылықтың бұзылуын жою туралы 326 ұсыныс енгізді, 933 тұлға тәртіптік, 347 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4310 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды. 103 634 724 теңге сомасындағы шығынның орны толтырылды.

Прокурорлар қалыптасқан жағдайдың басты себебі денсаулық сақтау басқармалары мен ведомсвтолық бағынысты медициналық ұйымдардың лауазымды тұлғаларының өздеріне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамауында деп тану қажет екенін анықтады. Салалық министрліктің жергілікті денсаулық сақтау басқармаларына әсер етудің тиімді тетіктерінің болмауы да жағдайды шиеленістіре түседі.

Бас прокуратураның Call-орталығы азаматтардың құқықтарын қорғаудың тиімді құралдарының бірі болып отыр, 115 тегін номері бойынша азаматтар тегін медициналық көмектің  кепілдендірілген көлемі аясында медициналық қызметке заңсыз ақы алу фактілері туралы шағымдана алады.

Талқылау қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау министрлігіне көрсетілген медициналық көмек сапасы мен көлеміне және көрсетілген қызметтің ақысына бақылау жүргізу ережесін әзірлеуді жеделдету ұсынылды.

Медициналық қызмет көрсету сапасы үшін жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыру мақсатында жергілікті әкімдердің қызметін бағалау рейтингіне азаматтардың денсаулығын қорғау құқықығын    сақтау және денсаулық сақтау саласындағы заңдылықтың жай-күйі тәрізді критерийлерді енгізу туралы мәселені зерттеу мақсатқа сай деп танылды.

Облыс прокурорларына азаматтардың денсаулығын сақтаудың конституциялық құқықықтарын және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін қамтамасыз ету тапсырылды.  

Алқа Премьер-Министрдің атына заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыныс енгізді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.