You are here

Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 29 наурыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, онда құқық қорғау органдарындағы есепке алу-тіркеу тәртібін сақтау мәселелері қаралды.

Алқа жұмысына Ішкі істер министрлігінің, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің, Кедендік бақылау комитетінің басшылығы қатысты.

Кейінгі екі жылда құқық қорғау органдарының бірлескен күш-жігерімен қылмысты тіркеуді тәртіпке келтіру мен еліміздегі шынайы қылмыстық картинаны қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды, бұл бұрын жасырылып келген, әсіресе, ауырлығы шағын және орташа қылмыстарды «көлеңкеден» шығаруға көмектесті.

Көбінесе бұл әрбір арыз бен хабарламаның қаралу барысын қазіргі заманғы коммуникация құралдары арқылы қадағалап отыруға мүмкіндік беретін қылмыстар туралы хабарламаларды тіркеу мен есепке алудың айқын жүйесін енгізудің нәтижесінде мүмкін болды.

Арнайы хабарлама-талондары Интернет, SMS-хабарлама және құқық қорғау органдарының call-орталықтары арқылы арызданушыларға өз арыздарының тіркелгендігіне көз жеткізуге, олардың қарастырылу барысы және қабылданған процессуалдық шешім туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Бірақ та, Бас Прокурор атап өткендей, есепке алу-тіркеу практикасын тәртіпке келтіру бойынша қабылданып отырған теңдессіз шараларға қарамастан, қылмыстарды жасыру фактілерін түбегейлі жою жөніндегі міндеттерді толықтай орындалды деп айтуға болмайды.

Осыған ішкі істер органдарындағы статистикалық мәліметтермен амал-айлалар жасауға алып келетін және көрсеткіштердің соңына жөнсіз түсуді тудыратын есептілік жүйесі септігін тигізеді. Өткен жылы прокурорлар 2471 жасырылған қылмысты анықтап, есепке қойды.

Талқылау қорытындысы бойынша қылмыстарды жасыру фактілерін болдырмау, ведомстволық бақылауды күшейту бойынша түбегейлі шаралар қабылдауды көздейтін ұсыныстар қабылданды.

Қолда бар бағалау критерийлерімен қатар құқық қорғау органдарына қылмыстар туралы арыздармен жүгінген азаматтардың арасында SMS-дауыс беру өткізуді қоса алғандағы социологиялық сұраулардың мәліметтерін кеңінен пайдалану ұсынылды.

Асхат Дауылбаев Мемлекет басшысы тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді, ағымдағы жартыжылдықтың аяғына дейін қылмыстар туралы арыздар мен хабарламаларды жүз пайыздық тіркеуге қол жеткізуді талап етті. Сондай-ақ есепке алу-тіркеу тәртібін бұзу және қылмыстарды жасыру орын алған жағдайда уәкілетті органдардың өңірлік бөлімшелерінің басшыларын лауазымнан босатуға дейінгі дербес жауапкершілікке тартуды күшейтуді талап етті.

Прокурорларға осы салада қадағалауды күшейту, анықталған заң бұзушылықтарға сәйкес ден қою, қылмысты жасырудың әрбір фактісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды қамтамасыз ету міндеті қойылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/Basprokuratura

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.