You are here

Бас прокуратураның қайырымдылық акциясы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратурада Астана қаласының Дәрігерлік-әлеуметтік мекемесінің қарттары мен мүгедектері, сондай-ақ Астана кәсіби-техникалық колледжінде оқитын, республикамыздың барлық аумақтарынан келген жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдерге арналған Наурыз мейрамымен ұштастырылған қайырымдылық акциясы өткізілді.

Осы акцияның аясында балалар үйінің жасөспірімдері мен прокуратура органдарының қызметкерлері арасында шағын футболдан және волейболдан жарыс өткізілді.

Жарыстың соңында прокурорлар салтанатты түрде жасөспірімдер мен қарттарға сыйлықтар тапсырды және мерекелік түскі ас берді, сондай-ақ елорданың көз тартар жерлеріне автобуспен саяхат жасауды ұйымдастырды.

Кездесу жылы, жайма-шуақ жағдайында өтті. Қонақтар шынайы алғыс сөздерін білдіріп, осындай игі шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, осы акцияның аясында қымбат медициналық емдеуге мұқтаж прокуратура органдарының қызметкерлеріне және олардың жақын туыстарына материалдық көмек көрсетілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.