Бас прокуратураның делегациясы жұмыс сапарымен Латвияда болды

27 сәуiр 2019 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2019 жылғы 24-26 сәуір аралығында Бас Прокурордың бірінші орынбасары Асылов Беріктің басшылығымен Бас прокуратураның делегациясы Латвия Республикасына жұмыс сапары шеңберінде Тергеуді қадағалау бойынша Бас прокурор Опиньцане ханыммен және Ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша Бас прокурор Бездли ханыммен, сондай-ақ Полиция бастығы Кюзиспен кездесті. 

Ведомство басшылары қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қазақстан Бас Прокурорының бірінші орынбасары шетелдік әріптестерін еліміздің құқық қорғау жүйесіндегі прокуратураның ролі, құқықтық саясатты жаңғырту және ізгілендіру бойынша жүргізіліп жатқан реформалар жайлы ақпаратпен бөлісті.

Екі жақты шарттық-құқықтық қорды кеңейту және Қазақстанның қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы Еуропа Одағының конвенциясына қосылу мәселесі жеке қозғалды.

Кездесу соңында Берік Асылов шетелдік әріптестерін жылы шырайлы қабылдағандары үшін алғыс білдіріп, екі жақты қатынастардың нығая түсетініне сенім білдірді.

 

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

Бас прокуратураның делегациясы  жұмыс сапарымен Латвияда болды - 364921834

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу