You are here

Бас прокуратураның Call-орталығы азаматтардың құқықтарын қорғауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Адам мен азамат үшін ең маңызды да елеулі құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына, ашық та дөрекі заң бұзушылықтарғы жедел түрде әрекет жасау мақсатымен Бас прокуратурада бірыңғай тегін 115 нөмірімен Call-орталығы жұмыс істейді, мұнда азаматтар елдің кез-келген нүктесінен хабарласа алады.

Call-орталығына келесі сұрақтар бойынша шағымдануға болады: қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын әрекеттері (әрекетсіздігі); кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы; азаматтардың еңбек құқықтары; білім беру мекемелерінде кәмелетке толмағандарға қатысты және олардың арасындағы құқыққа қарсы әрекеттер; медициналық қызмет үшін заңсыз алынған төлемақы; прокуратура қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттері.

Сонымен қатар, Call-орталығы прокуратура органдары қызметі мәселелеріне байланысты пікірлер мен ұсыныстарды қабылдайды, олардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі жайлы түсініктеме береді.

Call-орталығының жұмыс бағдарламасы азаматтарға прокуратура органдарында олардың шағымдарының қарастырылу жағдайы мен нәтижелері туралы ақпаратты ұсынып, қоңырауларды қабылдауды қамтамасыз етуге, соның ішінде абоненттердің қалауы бойынша өкілеттілігіне сәйкес мемлекеттік органдардың байланыс телефон нөмірлерімен қосуға мүмкіндік береді.

2015 жылдың өткен мерзімі ішінде Бас прокуратураның Call-орталығына 21 мыңнан астам қоңырау келіп түсті. Тіркелген 81 шағым бойынша прокурорлық ықпал ету шараларымен екі жүзден астам азаматтың еңбек құқықтары қорғалып, еңбекақы бойынша 26 млн. теңгеден астам берешек өтелді.

Сөйтіп, Шығыс-Қазақстан облысы прокуратурасы Call-орталығына өз еңбек құқықтарын қорау өтінішімен хабарласқан Е.Мусаиновтың шағымы бойынша  қабылдаған шаралардың нәтижесінде «Тасқара» ЖШС-нің 166 жұмыскерінің алындағы 9 млн. теңге көлеміндегі еңбекақы бойынша берешегі төленді.

Қарағанды облысының прокуратурасы Call-орталығына келіп түскен «Свита Security» ЖШС-мен еңбекақының төленбей жүргені жайлы қоңырау бойынша К.Жиенбаевтың еңбек құқықтарын қорғады, жұмыс беруші айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жоғарыда аталған мәселелер бойынша құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда, азаматтарды Бас прокуратураның Call-орталығына белсенді түрде хабарласуға шақырамыз. Сіздің қоңырауларыңыз бойынша шағымның шешілуіне және бұзылған құқықтарыңызды қалпына келтіруге бағытталған барлық қажетті шаралар міндетті түрде жасалатындығына сенімді болыңыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.