You are here

Бас прокуратураның Басқарма бастығы Ләззат Жанысованың брифингте сөйлеген сөзі

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алдымен бірнеше цифрлар келтірейін. 2014 жылдың 5 айында Республиканың прокуратура органдарына 121 606 (113 572) немесе былтырғы жылдың 5 айынан 7 пайызға көп өтініш түскен. Өтініштер санының көбеюі тұрақты тенденцияға айналып отыр. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 10 пайызға тең. Бас прокуратураның өзіне 15 234 (14 106) өтініш немесе барлық өтініштердің 12,5 пайызы түскен.

Адамдар көбінесе қылмыстық қудалау органдарының актілері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне - 41%, әлеуметтік-экономикалық саладағы мәселелер бойынша - 29%; сот актілерінің заңсыздығы мен олардың орындалу мәселелері бойынша - 24% шағымданған.

Прокуратураға өтінішті түрлі тәсілдермен беруге болады: жеке тапсыру, хаттар жәшігіне салу, пошта арқылы жіберу, жеке қабылдауға келу.

Прокуратура органдары электрондық іс-жүргізуге көшкелі өтініштерді беру және тіркеу процесін жеңілдетуге шара көруде.

Бізде 115 бірыңғай тегін номері және www.115.kz. электрондық порталы бар арнайы ақпараттық сервис-орталығы жұмыс істейді.

www.115.kz порталының көмегімен кез келген электрондық цифрлық қолтаңбасы бар тұлға тиісті прокуратураға өзінің өтінішін бере алады. Өтініш беру тәртібімен біздің ресми сайтта (http://prokuror.gov.kz) толық танысуға болады. Портал өтініш берушіге электрондық талон береді, сол арқылы кейін өтініштің тіркеуден бастап оған жауап берілгенге дейін жолын бақылап отыруға болады. Сонымен өтініштің қаралу барысын кез келген уақытта, ешқандай қаржы жұмсамай, табан тоздырмай бақылауға болады.

Кейбір өтініштерді Бас прокуратураның Call-орталығына елдің кез келген нүктесінен 115 тегін номер арқылы да беруге болады. Call-орталығы 6 түрлі шағымдарды тіркейді. Олар: 1) қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын актілері мен әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне; 2) кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына; 3) азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына; 4) білім беру мекемелерінде жасөспірімдердің арасындағы және оларға қатысты заңсыз әрекеттерге; 5) көрсетілген медициналық қызмет үшін заңсыз ақы талап етілуіне; 6) прокуратура органдары қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне берілген шағымдар.

Бұл адам мен азамат үшін ең сезімтал және маңызды құқықтар мен бостандықтарды бұзушылықтарға, сондай-ақ анық және өрескел заң бұзушылықтарға жедел шара көру мақсатында жасалған.

Сонымен қатар, Call-орталығы прокуратура органдарының жұмысы туралы ұсыныстар қабылдайды және прокуратурамен мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін түсіндіреді.

Бірақ көбінесе (80 пайыз) біздің абоненттерге ақпараттық анықтама (мемлекеттік және құқық қорғау органдарының орналасқан жері, почталық мекен-жайы, олардың сенім телефондары және т.б.) және қаралып жатқан өтініштердің тағдыры туралы (15 пайыз) ақпарат қажет болған.

Былтырғы жылдан бастап азаматтардың қысқа 115 номеріне ұялы телефон арқылы хабарласуына мүмкіндік жасалды.

Қазақстанда электрондық үкімет дамып, мемлекеттік қызмет көрсету саласы кеңейген сайын азаматтар жиі-жиі халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын болды.

Сондықтан өтініш беруге қосымша мүмкіндік жасау мақсатында біз Байланыс және ақпарат агенттігімен бірге 2 маусымнан бастап «Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау» атты пилоттық жобасын іске қостық. Әзірше бұл жоба Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске асырылуда, олар Астана қаласы прокуратурасының органдарына (Астана қаласының прокуратурасы, Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының прокуратуралары) және Бас прокуратураға жолданған өтініштерді қабылдай бастады. Енді астана тұрғындары  осы орталықтарда өтініштерін тапсырып,  оларға жауап ала алады. Ол үшін Астананың кез келген орталығына қағаз түріндегі өтініш пен жеке куәлігін әкелу керек.

Қағаз жүзіндегі өтініш электронық данаға айналған соң өтініш берушіге қайтарылады, сот актілеріне наразылық келтіру туралы өтініштерден басқа, өйткені оларға сот куәландырған сот актілерінің көшірмелері керек, сондай-ақ қағаз түріндегі дана қажет болған жағдайдан басқа.

Бас Прокурор мен оның орынбасарлары азаматтарды ай сайын бекітілген кестеге сәйкес жеке қабылдайды. Облыс прокурорлары, олардың  орынбасарлары – апта сайын, ал аудандық (қалалық) прокурорлар – күн сайын қабылдайды. Басқа қаланың азаматтары мен ұйымдардың өкілдері, Астанаға келмей-ақ Бас прокуратураның басшылығымен кездесу үшін видеоконференция арқылы қабылданады. Нәтижесінде адамдар тек қана қаражатын емес, уақытын да үнемдейді. Аталмыш тәсіл облыстық прокуратураларда да қолданылады.

Прокуратураның әр деңгейдегі басшыларына жазылу негіздері мен тәртібі Бас Прокурордың  2012 жылы 18 қыркүйектегі №110 бұйрығымен бекітілген ҚР прокуратура органдары, мекемелері мен ведомстволарында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ережелерінде анықталған.

Қорытындылап айтқанда, аталмыш шаралар ең алдымен прокуратура органдарына өтініштерді беру рәсімін барынша жеңілдету және азаматтар мен ұйымдарға қажетті ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында жасалған. Сонымен қатар, біз прокуратура органдарында құжат айналымын оңтайландыруға және қағаз түріндегі құжат ағымын азайтуға бет бұрып отырмыз.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.