You are here

Бас прокуратураның алқа отырысы туралы баспасөз хабарламасы (Астана қ., 2016 ж. 3 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада Жақып Асановтың төрағалығымен алқа отырысы өтті, онда жерді өз бетімен басып алуға қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Алқаның жұмысына Сенат және Парламент Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, Бас прокуратура жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың басшылары, бейнеконференциялық байланыс арқылы – Астана, Алматы қ.қ. және облыс прокурорлары мен әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Жиналыс барысында жер телімдерін заңсыз басып алуға тосқауыл қою жөніндегі Бас прокуратура мен Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесе отырып бастамашылық жасаған жоба таныстырылды.

Жоба жұмысы негізгі үш бағыт бойынша құрылды – жерді басып алуға себеп болатын жағдайларды жою, осындай фактілерді алдын алу жүйесін жетілдіру және жерді басып алумен байланысты жағдайларды құқықтық шешу.

Жоба шеңберінде жер заңнамаларының ережелерін түсіндіру бойынша жұмыс басталды. Бас прокуратура халыққа арналған жер телімдерімен алаяқтық фактілерін болдырмау бойынша жадынамалар әзірледі, онда жер телімдерін беру тәртібі, қалай алаяқтардың құрбаны болмау, келісімдерді қалай дұрыс жасау, қалай жер заңнамасын бұзушыға айналмау бойынша ұсыныстар және басқа да маңызды кеңестер берілген.

Жерге қатысты бұзушылықтардың жолын кесудің тиімсіз жүйесі, жерді бөлу рәсімінде ашықтықтың жеткіліксіздігі жерді өз бетімен басып алудың негізгі себептері ретінде аталып өтілді.

Бас Прокурор атап өткендей, жер әрқашан ең маңызды игілік болған және бола береді, сондықтан біз бірлескен күш-жігерімізбен жеке үй құрылысына арналған жерді пайдалануды тәртіпке келтіруіміз қажет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл мәселелер біртіндеп шешімін табуда. Бүгінде Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай және Қызылорда облыстарында жер беріліп жатыр.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура мүдделі органдармен бірлесе отырып жерді өз бетімен басып алуды болдырмауға бағытталған жоба шеңберінде шараларды іске асыру бойынша кешенді жоспар бекітілді. Аталған шараларды іске асыру барысы туралы мерзім-мерзімімен БАҚ-қа хабарланып тұратын болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.