You are here

Бас прокуратураның алқа отырысы туралы баспасөз ақпараты ( Астана қаласы, 2016 жылғы 6 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада алқа отырысы өтті, онда  «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» тақырыбында өткен форум ұсыныстарын іске асыру бойынша Жол картасын орындаудың алғашқы нәтижелері талқыланды.

Аталаған іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, Президент Әкімшілігінің және Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері, мүдделі орталық мемлекеттік органдардың, Жоғарғы Соттың, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысты.

Бас Прокурор, үш ай бұрын Бас прокуратураның форумында  тұсау кесер рәсімі өткен жол картасының аясында  жүргізілген жұмыстардың алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Жоба проблемалы мәселелерді бірлесіп шешуге және елде қалыпты бизнес-климатын құруға жақсы мүмкіндік береді.

Форум өткеннен кейінгі кезеңде, толық емес төрт айда прокурорлық араласу  нәтижелері:

Бірінші. Кәсіпкерлерді тексеру екі есеге төмендеді;

Екінші. Қылмыстық істер үш есеге қысқарды (2015 жылдың 3 тоқсанында 4687-ден 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 1324-ке дейін);

Үшінші. СДБТ тіркеуінсіз хабарламалар бірден уәкілетті органдарға берілген жағдайлар төрт есеге көбейді (2015 жылдың 3 тоқсанында 690-нан 2016 жылдың сәйкес кезеңінде 2538-ге дейін).

Бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру, бизнеске деген талаптарды қысқарту бойынша ұсыныстар дайындалды, олар қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдармен пысықталуда.

Бизнеске жұртшылықты тарта отырып, атқарылып жатқан жұмыстар шеңберінде колонияларда 26 кәсіпкер өз істерін бастап кетті, 400-ден аса қамаудағы адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ ауылдық әкімдер үшін бизнес дамытудың толық жоспары әзірленді, ол өңірлерде апробациядан өткізілуде.

Бас прокуратураның сайтында арнайы Формуляр орналастырылған, ол бизнесті дамыту үшін кедергі келтіретін нормаларды көрсетеді.  Бұл сілтемелер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және «Нұр Отан» партиясының барлық өңірлік сайттарында қолжетімді.  

Белгіленген жоспарларды атай отырып, Ж. Асанов осы іс-шаралардың уақтылы және сапалы іске асырылуын басты назарға алу керек екенін, онда негізгі үйлестірушілер Ұлттық экономика министрлігі және «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болу қажет екенін айтты.

Жол картасын іске асырудың алдыңғы қорытындысын жасай келе, Бас Прокурор аумақтық прокуратураларды және мемлекеттік органдарды бизнес қауымдастығымен конструктивті өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

Бас прокуратураның барлық мүдделі тараптармен талқылауының қорытындысы  бойынша өзектендірілген Жол картасы бекітілді, онда бизнесті қорғаудың жекелеген іс-шараларына түзетулер жасалды.

Осы Картаны іске асыру шеңберінде кешенді заңнамалық және өзге де ұйымдастыру-практикалық шаралар ұсынылады. Қорытындылары туралы уақытылы БАҚ-қа хабарланады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.