You are here

Бас прокуратураның алқа мәжілісінде Бас Прокурордың сөйлеген сөзі (23 қаңтар 2015 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

слайдты жүктеу

Өткен жылы Мемлекет басшысының актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау, қылмыстық, қылмыстық-процестік, әкімшілік және қылмыстық атқару заңдарының жаңа үлгілеріне сапалы түрде көшуді қамтамасыз ету істері прокурорлық қадағалаудың негізгі басымдықтары ретінде белгіленген болатын.

Елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалардың мүдделерін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жасау, ел бюджетінің шығынын қайтару және оны толықтыру мәселелері қадағалау қызметінің бірінші кезектегі міндеттері ретінде қойылды.

Жалпы алғанда, прокуратура органдары алға қойылған міндеттерді жемісті түрде жүзеге асыра білді, Президент тапсырған барлық тапсырмалардың мүлтіксіз орындалуы қамтамасыз етілді.

Мемлекет басшысы бекіткен Қылмыстық сот өндірісінің жаңа үлгісіне көшу жөніндегі біріңғай жоспарды кезеңдеп жүзеге асырудың арқасында биылғы жылғы 1 қаңтарынан бастап біз жаңа жағдайдағы толыққанды жұмысты бастап кеттік.

Бүгінде Республикамыздың барлық аймақтарында Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімі іске қосылып, жұмыс жасауда, оған қылмыстық заң бұзушылық белгілері бар барлық арыздар мен хабарламалар тіркеледі.

Оны іске қосар алдында қылмыстық қудалау органдарымен бірлесе отырып, есепке алу-тіркеу тәртібінің дұрыстығын және елдегі қылмыстық ахуалдың жалпы көрінісінің шынайлығын қамтамасыз ету жөнінен мақсатты түрде жұмыстар жүргізілді.

Қазірдің өзінде түскен арыздар мен хабарламалар бойынша шұғыл шешім қабылдаудың алғашқы оң нәтижелері көрінуде, өйткені бұл қылмыстық қудалау органдарына қылмысты «ізін суытпай», жылдам әрі сапалы ашуға мүмкіндік беріп отыр.

 

2014 жылы елдегі қылмыстық ахуал біршама жақсара түсті. Болжағанымыздай, қылмыстылық 5,2 пайызға, яғни, 359 мыңнан 341 мыңға дейін азайды.

Бұл көрсеткіштер мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қылмысты ескерту және оның деңгейін одан әрі төмендету, құқық тәртібін қамтамасыз етіп, оның кез-келген көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру жөніндегі жұмыстарының тиімділігін жаңаша есептеудің бастапқы межесі болып табылмақ.

Сонымен, біз жаңа материалдық және процестік қылмыстық заң аясындағы жұмысымызды барлық дерлік қылмыстардың азаю үрдісі жағдайында бастайтындығымызды тағы да атап өткім келеді.

Жыл қорытындысы бойынша аса ауыр қылмыстар санының 18,2 %-ға (2629-дан 2150-ге дейін) және ауыр қылмыстардың 17,4 пайызға (33836-дан 27941-ге дейін) азайғандығын айрықша атап өтуге болады.

Оның ішінде адам өлтіру 19,3 пайызға (1120-дан 903-ке дейін), денсаулыққа ауыр зиян келтіру 13,5 пайызға (1780-нен 1539-ға дейін), әйел зорлау 19,8 пайызға (3150-ден 2527-ге дейін), тонау 24 пайызға (18832-ден 14317-ге дейін), қарақшылық 29 пайызға (1361-ден 957-ге дейін), бопсалау 19,2 пайызға (875-тен 707-ге дейін), бұзақылық 15 пайызға (29989-дан 25494-ке дейін) төмендеген.

Дәл осы аталған санаттар арқылы азаматтарымыз қоғамдағы өз қауіпсіздігіне баға берсе, халықаралық ұйымдар белгілі бір елде болудың қауіпсіздік деңгейінің көрсеткішін қалыптастырады.

Сонымен қатар 17 пайызға төмендеген жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту бойынша жүргізілген жұмыстар да назар аударуға лайықты.

Көше қылмыстары 10 пайызға, алкогольдік ішімдік ішіп және есірткі қолданып жасалған қылмыстар 4,3 пайызға азайды.

Қоғамдық жағдай айтарлықтай қауіпсіз бола түсті.

Біз осындай жұмыстарды жалғастыра отырып, қылмыстарды ескерту ісін нақтылай түсуіміз қажет.

Мәселен, былтырғы жылы барлық пайдакүнемдікпен бағыттағы қылмыстардың 80 пайызға жуығын жұмыссыз адамдар жасаған.

Сондықтан осы санаттағы адамдардың арасында профилактикалық жұмыстарды жүргізуге басымдық берілуі тиіс.

Осы мақсатта халықты еңбекпен қамтудың аймақтық бағдарламаларының жүзеге асырылуына баса назар аудару қажет.

 

Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғай отырып, есептік кезеңде қылмыстық өндірістің сотқа дейінгі сатысына қадағалау жасау аясында прокурорлар заңсыз ұсталған мың жарымнан астам (1506) адамды босатқан, тоғыз жүз отыз адамға қатысты заңсыз шұғыл іздестіру іс-шаралары тоқтатылған.

Арнайы прокурорлар 350-ден астам неғұрлым күрделі, қоғамда кеңінен талқыланған және өзекті қылмыстық істерді тергеп, олардың 164-і сотқа жолданды.

 

Сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарымен өзара сындарлы іс-қимыл жасасу арқылы және уәкілетті мемлекеттік органдардың күш-жігерін үйлестіру жолымен құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидасын қамтамасыз ету өткен жылғы бірінші кезектегі маңызды міндеттердің бірі болды.

Нәтижесінде 2014 жылы тіркелген әкімшілік құқық бұзушылықтардың саны 12,5 пайызға, яғни, 3 млн. 699 мыңға артты (3 млн. 288 мың).

80 пайыздан астам жағдайларда (81,5%) әкімшілік тәжірибе субъектілері 105 млрд. теңгеден астам сомаға айыппұл салған, оның 60 млрд. теңгеден астамы өндіріліп алынды.

Осыған дейінгі 5 жыл ішінде 30 пайыздан аспаған айыппұлдарды өндіріп алу сомасы тұңғыш рет 60 пайызға жетті (2010 жыл – 27,2%, 2011 жыл – 28,4%, 2012 жыл – 51,6%, 2013 жыл – 53,1%).

Уәкілетті мемлекеттік органдардың қатысуымен біз Әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың жол картасын жасадық, оның жүзеге асуы айыппұлдарды өндіріп алуды және оның бюджетке түсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.

 

Сонымен қатар, прокуратура органдары халықтың әлеуметтік осал топтарының, кәсіпкерлер мен мемлекеттің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етті.

Сыбайлас жемқорлық және экстремизм көріністеріне қарсы іс-қимыл жасау жөнінен белсенді шаралар қолданылды.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 395 мың заң бұзушылықты анықтап, оларды жоюға бағытталған шаралар қолданды.

55 мыңнан астам адам әртүрлі жауапкершілікке тартылды. 500 қылмыстық іс қозғалды.

16 мыңға жуық заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды.

746 мыңнан астам азаматтардың, оның ішінде 239 мың кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.

Әсіресе, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қамтамасыз ету және олардың өз-өзіне қол жұмсауының профилактикасы жөнінен жүйелі түрде жасалып жатқан жұмыстарды ерекше атап өткен жөн.

Бұл жұмыстардың нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы аяқталған суицидтік әрекеттер саны айтарлықтай азайды (232-ден 159 оқиғаға дейін).

Мұндай қайғылы фактілер мүлде орын алмаған Атырау, Қызылорда облыстарының, әсіресе Астана қаласының мемлекеттік органдары тиімді жұмыс атқарған.

 

Азаматтардың еңбек ақыларының төленуі саласындағы құқықтарын қорғау жөніндегі Президент тапсырмалары орындалуда.

Былтырғы жылы барлығы 134 мың жұмысшының пайдасына 5 млрд. теңгеден астам қаржы өндірілді, оның ішінде 92 проблемалы кәсіпорындардағы сомасы 1 млрд. теңгеден астам қарыз толығымен өтелді.

Әсіресе, қолданған шаралардың арқасында 500 млн. теңгеге жуық (477 млн.) қарыз өтелген Қарағанды, Қостанай облыстарының және Алматы қаласының прокуратуралары ерекше көзге түсті.

Атырау облысының прокуратурасы аймақта жалақы бойынша ұзақ мерзімдік (3 айдан астам уақыт) қарыздың мүлде болмауын қамтамасыз ете алды.

 

Пайдаланылмай жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша жұмыс жалғасуда.

Прокуратура алып-сатарлыққа шектеу қойып, жалпы құны 980 млрд. теңгеден астам жер телімдерін мемлекетке қайтаруға қол жеткізді.

Бұл мәселеде елордалық прокуратураның атқарған тиісті жұмысын атап өткен жөн.

Мораторий жағдайында, кәсіпкерлердің құқықтарына нұқсан келтірместен, аралап көру және камералдық талдау жасау арқылы Астана қаласының прокуратурасы кадастрлық құны 575,7 млрд. теңге тұратын пайдаланылмай жатқан 255 жер телімін анықтаған. Бүгінде екі мың жеті жүз гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сонымен бірге мемлекет қажетіне жер сатып алуға бағытталған бес жарым млрд. теңге сомасындағы бюджет қаражатын негізсіз шығындауға жол бермеу жөніндегі алдын алу шаралары қолға алынды.

Тек бір ғана Алматы облысының прокуратурасы жерді алу рәсімдерін бұзу фактілері бойынша сотқа 100-ге жуық талап-арыз берген, олардың қанағаттандырылуы 1 млрд. 800 млн. теңге сомасындағы мемлекет мүддесін қорғауға мүмкіндік берді.

Бизнесті заңсыз тексерістерден қорғау жөніндегі Президент тапсырмасын орындау аясында Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ынтымақтастық жалғасын табуда.

Орталықта, сондай-ақ өңірлік деңгейлерде бірқатар бірлескен іс-шаралар өткізілді.

Былтырғы жылы прокурорлар 10 мың бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғады, мемлекеттік органдардың 880 лауазымды қызметкері түрлі жауапкершілікке тартылды.

Осының нәтижесінде Мемлекет басшысы жариялаған мораторий 2014 жылы тексерулердің жалпы санын 176 мыңға немесе 67 пайызға азайтуға мүмкіндік берді.

Бұл ретте жеке кәсіпкерлік субъектілерін тексеру саны 142 мыңға немесе 82 пайызға азайды (173 082-ден 30 807-ге дейін), оның ішінде шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты тексерулер 136 мыңға немесе 86 пайызға азайды (158 915-тен 22 050-ге дейін).

Әрбір прокуратурада жұмыс жасайтын мобильдік топтар кәсіпкерлерді тиімді де жедел қорғайтын құрал болып отыр.

Олар 2014 жылы кәсіпкерлердің құқықтары бұзылуының 750 фактісінің жолын кесті.

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мәселелері ерекше бақылауда тұрды.

Мемлекет есебіне 74 млрд. теңге өндіріліп алынды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есеге дейін артық (2013 жылы 38,4 млрд.).

Ықпал ету актісін енгізу арқылы қоршаған ортаға нормадан тыс зиянды заттар шығарғаны үшін «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» акционерлік қоғамынан 17 млрд. теңге салық төлемдерін өндіріп алған Қызылорда облысының прокуратурасы абсолютті көшбасшылар қатарында тұр. Аталған сома облыстың жылдық бюджетінің 10,7 пайызын құрайды (2014 жылға 167 млрд.).

Мемлекеттік сатып алу саласында да прокурорлар алдын алу жұмыстарын белсенді түрде жүргізді.

Бұл бағытта ел бюджетіне 1 млрд. 400 млн. теңгеден астам қаржы өндіріліп алынды, 2 мың 800-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Бұл тұрғыда енгізген актілер арқылы 140 конкурстың күшін жойып, мемлекеттің экономикалық мүддесіне келер 25 млрд. теңгеден астам шығынның алдын алған Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Павлодар облыстарының прокуратуралары және Бас көлік прокуратурасы үздік шықты.

Жалған кәсіпкерлікпен күрес бағыты бойынша да нәтижелі жұмыстар бар.

Соттар бюджет алдындағы жалпы қарыздары 37 млрд. теңгені құрайтын жалған кәсіпорындардың мемлекеттік тіркеуінің күшін жою туралы прокурорлардың берген 307 талап-арыздарын қанағаттандырды. Аталған соманы жалған кәсіпорындардың контрагенттерінен өндіріп алу шаралары қабылданды.

 

1 қаңтардан бастап Еуразиялық Экономикалық Одақтың жұмыс істей бастауы қарсаңына сай және шекара маңындағы тауар айналымы мәселелерінің өзекті бола түсуіне орай кеден саласының айналасындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөнінен жұмыстар жүргізілді.

Жүргізілген тексерістердің қорытындысымен бір мың төрт жүзден астам заң бұзушылық анықталды, 2 млрд.-қа жуық тенге көлеміндегі мемлекетке келтірілген шығын өндірілді.

2 млрд.-тан астам соманың контрабандалық тауарын мемлекеттің кірісіне өткізуге шаралар қабылданды.

 

Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою бойынша жұмыстардың белсенділігі арттырылды.

 

2014 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысы Діни экстремизм мен терроризмге тосқауыл қоюдың тиімділігін арттыруға бағытталған заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы біздер әзірлеген Заңға қол қойды.

Осы жұмыстар аясында 100 мыңнан астам интернет-ресурстарға мониторинг жасалды.

Нәтижесінде прокурорлардың және уәкілетті органдардың арыздары бойынша соттар 703 интернет-ресурстың өнімдерін заңсыз деп таныды.

Сондай-ақ соттар 198 ақпараттық материалдардың мазмұнын экстремистік деп тану туралы прокурорлардың арыздарын қанағаттандырды.

Бұл өнімдерді Қазақстан аумағында таратуға тыйым салынған.

 

2014 жылы алғаш рет уәкілетті органға ұйғарым енгізу арқылы экстремистік мазмұндағы ақпаратқа кіруге сотқа дейінгі шектеу қою қолданылды.

Сондай-ақ тұңғыш рет біздің ұсынысымыз негізінде Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы өз елінің уәкілетті органына экстремистік мазмұндағы ақпараты бар барлық ресурстарға кіруге тыйым салу туралы талап жолдады және ол толықтай қолдау тапты.

Қадағалаудың мүндай тәжірибесін кеңейтіп, біздің жақын және алыс шет елдердегі әріптестерімізбен жұмыста қолдану керек.

Ақтөбе облысы прокуратурасының тәжірибесі де көңілге қонымды, олар еңбекпен түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау шеңберінде радикалды сипаттағы сотталғандардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдаған, өз кезегінде бұл олардың ұстанымдарын өзгертуге себеп болған.

 

Жаңа экономикалық қауіп-қатерлер мен қаржылық күйзелістердің барысында біздер еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ете алдық.

Құқық қорғау жүйесін жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы жоспарлы негізде жүзеге асырылуда, оның басты көрсеткіші азаматтардың сенім деңгейі болып табылады.

Осы жұмыстардың шеңберінде құқық қорғау органдарының тұрғындар арасында неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді  көрсету тәртібі регламенттелді.

Құқық қорғау органдарына келушілерді электрондық есепке алудың бірыңғай тәртібі енгізілді.

Азаматтарды әрбір туындаған жағдайлар бойынша сәйкес сатыларға жүгінуге бағдар бере отырып заңға бағынушылық мінез-құлықты насихаттау бойынша жұмыстар жандандырылды.

 

Азаматтардың шағымдары мен өтініштерінің сапалы қаралуына ерекше көңіл бөлінді.

2014 жылы прокуратураға 294 мыңнан астам азаматтар мен заңды тұлғалар шағымданды, олардың ішінде 48 мыңнан астамы – жеке қабылдаудан.

Әрбір өтініш бойынша тексеріс жүргізіліп, тұлғалардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді.

Келіп түскен өтініштердің басым бөлігі бақылауға қоя отырып ведомстволық тиесілігіне қарай уәкілетті органдарға жолданды және олардың тиісінше шешілуі қамтамасыз етілді.

Прокурорлар қараған өтініштер бойынша 25 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді (25146).

 

 

Азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл аясында Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің отырыстарында Құқықтық статистика комитетінің инновациялық жобаларын енгізу, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша қабылданып отырған шаралар туралы өзекті мәселелер талқыланды.

Қоғамдық Кеңес мүшелері прокуратура органдарының барлық алқа мәжілістерінің және Заңдылықты, қоғамдық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырыстарына белсенді түрде қатысады.

Олардың қатысуымен барлық құқық қорғау органдарының жүйелі ұстанымын талап ететін қоғам үшін неғұрлым өзекті мәселелер талқыланады.

 

Мысалы, еліміздің жолдарында соңғы жылдары жол-көлік оқиғалары санының өсімінің тұрақты динамикасы тіркелген, атап айтқанда 2013 жылы 23 мыңнан астам оқиғадан асып түскен, олардың ішінде 33 мыңға жуық адам зардап шеккен.

Қабылданған шаралардың және үйлестірілген жұмыстың нәтижесінде бұл жағымсыз үрдісті тоқтатуға мүмкіндік туды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша ЖКО саны 14%-ға, сонымен қатар зардап шеккен, жарақаттанған және қаза болғандар саны да 14%-ға азайған.

Өңірлерде осындай жұмыстарды облыстық прокуратуралар жүргізуде.

 

Біздерде құқық қорғау жүйесін жаңғырту, халықтың құқықтық сауатын арттыру, прокуратураның және барлық құқық қорғау органдарының оң имиджін қалыптастыру бойынша белсенді саясат жүргізу жөніндегі мемлекеттік шаралар туралы азаматтардың ақпараттану деңгейіне үлкен көңіл бөлінеді.

Осы мақсаттарда екі жүзден астам ведомствоаралық және халықаралық конференциялар, үш жүзге жуық баспасөз мәслихаттары өткізілді.

Екі жарым мың семинар-кеңестер, мыңнан астам дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды, БАҚ-та 32 мың ақпараттық материалдар жарияланған.

Прокуратураның және барлық құқық қорғау органдарының жұмысын жариялайтын көптеген ақпараттық-насихаттық бейнероликтер дайындалып,   олар республикалық және жергілікті телеарналардың эфирінен көрсетілді.

 

Әскери және көлік салаларындағы заңдылыққа қадағалау саласындағы жетістіктер оң бағалауға тұрарлық.

Әскери прокуратура органдары қару-жарақты сақтау объектілерінің қауіпсіздігін, қара-жарақ пен оқ-дәрілердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдады.

 

Мемлекет басшысының атына  қару-жарақты және әскери техниканы пайдалану, қару-жарақты біріздендіру және стандарттау, әскери авиация үшін қосалқы ұшу алабын қолдану, сондай-ақ біздің полигондарды Ресейдің жалға алуы мәселелері бойынша қызметтік хаттар енгізілді.

Қару-жарақтың заңды айналымнан шығып кету қаупін азайту мақсатында қадағалау актісімен қолданылмай жатқан қару-жарақты өткізудің тәртібі өзгертілді.

Енді бұл мәселелер Үкімет арқылы регламенттелетін рәсімдер аясында қатаң қаралатын болады.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы туралы заңнаманы сақтау мәселелеріне көңіл бөлінді, осы бағыттағы маңызды және проблемалық мәселелер және олардың шешілу жолдары анықталды.

Көлік саласында темір жол, әуе және су көліктеріндегі қауіпсіздік, қосарлы мақсаттағы өнімдердің экспорттық бақылауын қамтамасыз ету, ішкі мақсатта пайдалануға арналған газды заңсыз шығару мәселелері бойынша тиімді тексерістер жүргізілді, олардың нәтижелері туралы Мемлекет Басшысы мен еліміздің Премьер-Министрі ақпараттандырылды.

 

Сондай-ақ Бас көлік прокуратурасы мемлекеттік бюджетке 8 млрд теңгеден астам сомаға шығынды қайтарды, бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 4 есеге артық.

 

Мемлекеттің мүдделеріне соттарда өкілдік ете отырып, прокурорлар 35 мыңнан астам қылмыстық, 113 мыңнан астам азаматтық және 244 мыңнан астам әкімшілік істердің қаралуына қатысты.

 

Прокурорлардың наразылығы бойынша 1405 тұлғаға қатысты 1873 азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот актілеріне қатысты үкімдер заңға сәйкестендірілді.

 

Прокурорлық араласудан кейін мемлекет кірісіне 20 млрд. 600 млн. теңге, азаматтар мен заңды тұлғалардың пайдасына 3 млрд. 700 млн. теңгеден астам, соның ішінде 1 млрд.-тан астам теңге жалақы бойынша қарыздарды өндіріп алу туралы сот шешімдері орындалды.

 

 

2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бас прокуратураның жетекшілігімен Ұлттық алдын алу тетігінің жұмысы басталды, бұл азаматтық қоғамның оң бағасын алып отыр.

Сотталғандарға шартты түрде мерзімімен бұрын босату, жазаны неғұрлым жеңіліне ауыстыру тәрізді ынталандыру шараларын қолдану тәжірибесі кеңейтілуде.

 

«Түрмедегі адамдар» санын азайтуға бағытталған осы шаралармен қатар өткен жылы Бас прокуратураның алқа мәжілістерінде пенитенциарлық денсаулық сақтау, қайталап жасалатын қылмыстардың профилактикасы, бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстық «көшбасшылар» мен экстремистік сипаттағы радикалдардың әсерінің таралуына тосқауыл қою мәселелері қаралды.

 

Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен «Колониядағылары жұмыспен қамту» атты түрме реформасының екінші форумы өткізілді.

Осының барлығы біздер 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолдануға кіріскен жетілдірілген Қылмыстық атқару қодексінің жағдайында жұмыс істеуге даярлыққа бағытталды.

 

Халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстар да айтарлықтай мазмұнды болды, оның аясында Батыс және Орталық Еуропа елдеріне ерекше назар аударылды.

Тұтастай алғанда кейінгі 3 жылда біздер 13 халықаралық шартқа қол қойып, Қазақстанның құқықтық базасының сапалық және сандық жағынан жақсаруына қол жеткіздік.

Өткен жылдың ішінде ғана Румыния, Венгрия және Болгариямен жеті мемлекетаралық шартқа қол қойылды.

 

Күні кеше тұлғаларды беру және өзара құқықтық көмек көрсету туралы Италиямен шартқа қол қойылды.

 

Америка құрама штаттары, Монако Князьдігі және Венгриямен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы, Моңғолия және Иран Ислам Республикасымен сотталған адамдарды беру туралы, Сауд Арабиясы Корольдігімен сотталғандарды ұстап беру және беру туралы шарттарға қол қоюға дайындық жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылға Біріккен Араб Әмірліктерімен, Малайзия, Вьетнам және Индонезиямен құқықтық ынтымақтастық аясында осындай жұмыстар жоспарланған.

 

2014 жылы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 72 қызметкерді әлемнің алдыңғы қатарлы білім беру мекемелерінде оқыту ұйымдастырылып, жүргізілді.

Жалпы Біліктілікті арттыру институтының базасында төрт жүзден астам (468) оқыту семинары өткізілді, осы іс-шаралармен прокуратура органдарының барлық дерлік жедел құрамы қамтылды.

Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде Сапа, біліктілік моделі және мінез-құлық стандарты   тізілімін ескере отырып Прокуратура органдары қызметкерлерінің құзіреттілігін бағалау ережесі қабылданды.

Атқарылған іс аз емес.

Енді биылғы жылы да біздер Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттары мен тапсырмаларынан туындайтын көптеген міндеттерді жүзеге асыруымыз тиіс.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.