You are here

Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 9 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда 2015 жылдың 6 айындағы процессуалдық прокурорлардың қызметіндегі заңдылықтың жай-күйі туралы мәселелер қаралды.

Жиында процессуалдық прокурорлардың алғашқы жұмыс нәтижелері, жаңа құқықтық институтты енгізудегі проблемалық мәселелер талданды.

Жаңа Қылмыстық процестік кодекске сәйкес процессуалдық прокурорлар сотқа дейінгі тергеу басталған сәттен бастап үкім шығарылғанға дейін қадағалау жасайды. Бас Прокурор атап өткендей, құқықтық институттың дамуы қарқынды жүруде, мұның өзі тергеу сапасына және соттағы айыптауды қолдауға оң әсерін тигізді.

Жыл басынан бері процессуалдық прокурорлар 730 қылмыстық іс бойынша қадағалау жүргізді. Олар жүргізген тергеулердің (54%) және істі одан әрі сотқа жолдаудың (43%) тиімділігі өзге қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша қалыптасатын осындай көрсеткіштерден асып түсті. Оның үстіне аталған істер бойынша қандай да бір ақтау үкімінің шығуына, азаматтардың конституциялық құқықтары бұзылуының орын алуына, олардың шешімдерін соттардың бұзуына жол берілмеген.

Әдетте прокурорлар неғұрлым өзекті және қоғамда зор пікірталас тудырған – сыбайлас жемқорлық сипатындағы, аса ауыр, экстремизм және терроризм туралы, қылмыстық топтар жасаған және т.б. қылмыстық істерді қадағалауды қамтамасыз етеді және олардың қаралу процесіне қатысады.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша процессуалдық прокурорлардың қызметін еуропалық елдердің халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын айқындау ұсынылды. Атап айтқанда, оларға міндетті болып табылатын қылмыстық істер санаттарын бекіту, ал келешекте «бір прокурор – бір іс» қағидасы бойынша бірыңғай қадағалауды қамтамасыз ету үшін тергеу және қылмыстық-сот бөлімшелерін біріктіруді қарастыру қажет деп танылды.

Бас Прокурор анықталған кемшіліктерді жоюды, сотқа дейінгі тергеудің заңдылығын қадағалауды және сотта мемлекеттік айыптауды қолдауды тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз етуді, істердің қайта тергеуге жіберілуін, сондай-ақ оларды соттардың қайтарып беруін болдырмауды тапсырды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.