You are here

Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2015 жылғы 28 қыркүйек)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен Бас прокуратураның алқа мәжілісі болып өтті, онда Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметінде сотталғандарды материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін реттейтін заңнаманы қолданудағы заңдылықтың жай-күйі қаралды.

Алқа жұмысына ішкі істер, ұлттық экономика, білім және ғылым министрліктерінің басшылары, Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі мен Есеп комитетінің жауапты қызметкерлері, Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелері қатысты.

Жиында пенитенциарлық жүйенің тиімділігін арттыру жолдары, түзету мекемелерінің шығындарын оңтайландырудың өзекті мәселелері талқыланды, сотталғандардың коммуналдық-тұрмыстық және тұрғын-үй жағдайларын жақсарту, мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар қабылданды.

Алқада атап көрсетілгендей, мемлекет сотталғандардың тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша дәйекті шаралар қабылдауда. Өткен жылдары қылмыстық атқару жүйесін қаржыландыру айтарлықтай өсіп, сотталғандар үшін бөлінетін шығындар көлемі артты.

Бас бостандығынан айыруға балама жазалар кеңінен қолданыла бастады. Мерзімінен бұрын босату және жазаны ауыстыру институттарының тиімділігі неғұрлым арта түсті. Нәтижесінде биылғы жылдың басынан бері сотталғандардың саны 6 мың адамға азайды (48 мыңнан 42 мыңға дейін).

Түрме халқы рейтингісінде Қазақстан 41-ші орыннан 49-шы орынға жылжыды.

Пенитенциарлық инфрақұрылымдарды жаңғырту – институционалдық реформаларды жүзеге асырудың маңызды қадамдарының бірі ретінде анықталып отыр. Қазіргідей экономикалық жағдайда колониялардағы тұрмыстық жағдайды қалыпты ұстау мен жақсарту үшін қолда бар тиісті қаражатты орынды пайдалану қажет,- деді Бас Прокурор.

Алға қойылған осындай міндеттерді орындау аясында Бас прокуратура сотталғандарды материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік қамтамасыз етудегі заңдылықтың сақталу барысына тексеріс жүргізген болатын. Оның нәтижелері көрсетіп отырғандай, қабылданған шараларға қарамастан, бұл салада айтарлықтай сапалы өзгерістер болмаған. Тексеріс барысында сотталғандардың тұрмыс жағдайларына, азық-түліктей және заттай үлестерін алу құқықтарының бұзылуына қатысты орын алған біршама жүйелі келеңсіздіктер анықталды.  

Тексеріс барысында 1700-ден астам заңдылықтың бұзылуы есепке алынып, 86 ықпал ету актілері енгізілді. 117 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне заңдылықтың бұзылуының қылмыстық сипаты бар 4 фактісі тіркелді. Мемлекетке келтірілген шығын өндіріліп, 3,5 миллионнан астам теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді. Бюджеттің негізсіз жұмсалған қаражатының жалпы сомасы 400 миллионнан астам теңгені құрады.

Бас Прокурор уәкілетті мемлекеттік органдардың басшыларына орын алған олқылықтарды жоюға, бюджеттің қысқаруы жағдайында сотталғандар үшін жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға, сотталғандардың құқықтарын қамтамасыз етуге және қажетті тұрғын-үй және коммуналдық-тұрмыстық жағдайларды жасауға бағытталған бірқатар кезек күттірмес міндеттерді қойды.

Сонымен қатар, өңірлік прокурорларға сотталғандардың материалдық-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттеріне бөлінген шығындарды жұмсау мәселелеріндегі заңдылықтың сақталуын жүйелі түрде тексеріп, талдау жасауды, олардың тұрмыстық жағдайын нашарлату арқылы режимдік тәртіптің тұрақсыздануына жол бермеуді тапсырды. Сондай-ақ ықпал ету шаралары арқылы сотталғандардың зейнетақылары мен жәрдемақыларын уақытылы алып тұруларын, олардың сапалы білім алуы мен тиісті түрде біліктіліктерін артыруын қаматамсыз етуді тапсырды.

Тексеріс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне заңдылықтың бұзылуына кері әсер ететін себептер мен жағдайлардың алдын алу жөніндегі тиісті шараларды қамтамасыз ету туралы ұсыныс берілді. Сондай-ақ «Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын таратып, оның өкілеттіктерін түзеу мекемелерінің өздеріне беру қажеттілігі туралы мәселе қойылды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.